AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанға әкелінген көліктің кедендік баж ставка...

Қазақстанға әкелінген көліктің кедендік баж ставкасы өсті деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Әлеумет 04.05.2022, 04:51 1,223
Қазақстанға әкелінген көліктің кедендік баж ставкасы өсті деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Әлеуметтік желілерде Қазақстан аумағына әкелінген автокөлікті кедендік тазартудан өткізу үшін кедендік баж ставкасы ұлғайды деген ақпарат тарап жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады.


Кеден бажының ставкасын Еуразия экономикалық комиссиясы белгілейді (ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімі) және бұл ставка Қазақстан Республикасы үшін міндетті болып табылады. «Жеңіл автокөліктерге арналған баж ставкасы 2022 жылы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Керісінше, Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімімен тиісті құжаттар ұсынылған жағдайда электромобильдерді баж мөлшерлемесінің 15%-ынан босату түріндегі жеңілдік берілді.


Ұсынылатын құжат түрін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі белгілейді. 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 46 шешімімен дайын өнімді өндіруге арналған шикізат және материалдар сияқты «сезімтал» тауарлардың жекелеген санаттарына кедендік әкелу бажының 0% мөлшерлемесі енгізілді», - делінген Комитет хабарламасында.


Сонымен қатар, тауарлардың кедендік құны ЕАЭО Кеден кодексінің 5-тарауына (тауарлардың кедендік құнын айқындаудың алты әдісі) және Еуразия экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 шешіміне сәйкес айқындалады.


Автокөлік сатып алу кезінде азаматтар аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттеріне барып, кедендік тазартудан өткізгені жөн. Заңсыз іс-әрекеттер фактілері және шағымдану үшін басқа да негіздер болған жағдайда, 14-14 қысқа нөміріне немесе 8-7172-71-81-71 нөміріне хабарлауға болады. Сонымен қатар, утилизациялық алым мен кедендік баж бір-біріне ұқсамайтын екі бөлек алым және бір-бірін алмастыра алмайтынын ескеру қажет.


Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясат шаралары - Сауда және интеграция министрлігінің құзыретіне, ал утилизациялық алым мөлшерлемесін бекіту - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретіне жатады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Баж #ставка #Автокөлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);