AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанға 1 млн 152 мыңнан астам этникалық қазақ...

Қазақстанға 1 млн 152 мыңнан астам этникалық қазақ оралған

Әлеумет 29.05.2025, 17:51 814 yakiya
Қазақстанға 1 млн 152 мыңнан астам этникалық қазақ оралған
Сурет: Gov.kz

Бұл 1991 жылдан бергі статистика.

Биыл 4427 этникалық қазақ тарихи атамекеніне оралып, қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ресми деректерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың көпшілігі келесі елдерден келді:

45,8% – Қытайдан;
40,9% – Өзбекстаннан;
5,4% – Түрікменстаннан;
3% – Моңғолиядан;
2,3% – Ресейден;
2,6 – басқа елдерден.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9%-ды және зейнеткерлер 8,4%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,4%-ы жоғары білімді, 26,8%-ы орта кәсіби білімді, 53,6%-ы жалпы орта білімді, және 2,2% білім жоқ.

Еңбек министрлігі елге оралған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанғанын атап өтті.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды:

Ақмола облысы;
Абай облысы;
Қостанай облысы;
Павлодар облысы;
Атырау облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы.

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 765 қандас қоныс аударды.

Ведомство жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатындығын айтты:

бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде;

тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 339 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, 136 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. 

Ал, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 152 мыңнан астам этникалық қазақ оралған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #қандас #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты жаңа рекордпен басталды

Бүгін 16:37

Қазақстандық оқушылар Грекияда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жүлдегер атанды

Бүгін 16:34

Алматылық қымыз жобасы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды

Бүгін 16:25

Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін 15:51

Алматы техникалық және кәсіптік білім беру саласы Германиямен халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);