Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстандықтарға ақша қайдан келеді?

Қазақстандықтарға ақша қайдан келеді?

Әлем 30.03.2022, 10:57 2,856
Қазақстандықтарға ақша қайдан келеді?
Сурет: Maanimo

Қаржылық аударым жүйесі арқылы шетелден Қазақстан Республикасына келетін қаражат көлемі айтарлықтай азайған.


Ағымдағы жылдың қаңтар айында шетелден Қазақстан Республикасына қаржылық аударым жүйесі арқылы жіберілген қаражат көлемі 13,6 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 30,5%-ға аз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Сәйкес кезеңдегі бұл көрсеткіш үшінші жыл қатарынан төмендеп келеді.



Шетелден Қазақстан Республикасына қаржылық аударым жүйесі арқылы аударылған қаржының үштен екісіне жуығы АҚШ долларымен жіберілген (2022 жылғы қаңтарда – жалпы аударым көлемінің 63,9%-ы). Одан кейінгі орында тұрған ұлттық валюта – теңгемен жасалған аударымдар жалпы аударым көлемінің 25%-н құрады.  Ал рубльмен жасалған аударымдар үлесі төртінші жыл қатарынан азайып келеді; 2022 жылдың қаңтарында ол небәрі 6,1%-ды құрады, еуроның үлесі 4,9%-ды құрады.


АҚШ валютасымен алынған бір аударым бойынша орташа чек бір жыл ішінде 780 доллардан 758 долларға дейін төмендеді. Теңгедегі бір аударым бойынша орташа чек, керісінше, 127,7 мыңнан 190,9 мың теңгеге дейін өсті. Ресей валютасындағы бір аударым бойынша орташа чек те– 22,5 мыңнан 23,6 мың рубльге дейін өсті. Еуровалютадағы бір аударымның орташа чегі 436 еуродан 400 еуроға дейін төмендеді.



2022 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасына қаржылық аударым жүйесі арқылы жіберілген ақшаның ең көп көлемі Өзбекстаннан жөнелтілген – жалпы сомасы 2,5 млрд теңге.


Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Корея (2,1 млрд теңге) және АҚШ (1,9 млрд теңге) тұр. Бұған дейін көш бастап келген Ресей 2022 жылдың қаңтарында небәрі 1,6 миллиард теңге аударыммен төртінші орынға ие болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы #аударым #жүйе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика