AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13 триллион те...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13 триллион теңгеден асты

Әлеумет 25.10.2021, 08:00 1,447
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13 триллион теңгеден асты
Сурет: Turkystan.kz

Осы жылдың басынан бері салымшылардың шотына жалпы көлемі 1,2 трлн теңге зейнетақы жарнасы аударылған 


2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 13,1 триллион теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


«2021 жылдың қазанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинағы қалыптасты. Бір жылда зейнетақы жинағының сомасы 569,5 миллиард теңгеге пара-пар немесе 5%-ға өсті»,– делінген хабарламада. 


Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарнасы есебінен қалыптасты, оның мөлшері - 12,7 трлн теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы жинағының сомасы 349,5 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы жинағының сомасы 1,6 млрд теңгеден асты. 2021 жылдың басынан бері салымшылардың шотына жалпы көлемі 1,2 трлн теңге зейнетақы жарнасы аударылған, былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 439,5 млрд теңгеге немесе 57 пайыз жоғары. Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) құрады, оның көлемі – 1,9 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 71,6 миллиард теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 47,6 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,3 миллиард теңге, Қазақстан Республикасынан тыс тыс тұрғылықты тұратын жерге кету– 29,1 миллиард теңге, жерлеуге – 4,0 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер - 1,6 миллиард теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #Салымшы #жарна
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);