Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстандықтардың дені энергияны үнемдеуге көшкен

Қазақстандықтардың дені энергияны үнемдеуге көшкен

Экономика 10.08.2023, 10:27 1,074
Қазақстандықтардың дені энергияны үнемдеуге көшкен
Сурет: Alashainasy.kz

Қазақстандық отбасылардың 60 пайыздан астамы энергияны үнемдейтін шамдарды пайдаланады.


 Бұндай деректерді ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ерсұлтан Кеңесбек 2014 жылдан бері жарықдиодты шамдарды пайдалануға көшкен. Айтуынша, бұл ескілеріне қарағанда энергияны жақсы үнемдейді. Есесіне жарықты да жақсы береді. Бастысы коммуналдық шығындар азайған.



«Өте үнемді. Айына комуслуга дейміз ғой, сол бойынша жарық 1 айға осы 2 бөлмелі үйге, минимальный 1800 теңге ма, солай ғана светке кетіп жатыр бізде», -  дейді Ерсұлтан Кеңесбек.



Аспалы шамдар саудасымен айналысатын Руслан Тілеевтің сөзінше, соңғы жылдары қазақстандықтардың дені энергияны үнемдеуге көшкен. Яғни, күнделікті тұрмыста жарықдиодты шамдарды қолдануға тырысады. Оның басты ерекшелігі – қауіпсіз әрі ұзақ мерзімге шыдас береді.



«2000 жылдардың басында бұрынғы қарапайым вольфрам қылы бар қыздыру шамдарының орнына люминесцентті шамдар келді. Олардың құрамында сынап болатын. Яғни химиялық элемент. Ол әрине адам үшін қауіпті еді. Жарамсыз болып қалса қарапайым қоқыс жәшігіне лақтыра салуға болмайды. Арнайы контейнерлерге ғана салу керек. Ал қазір нарыққа қауіпсіз, әрі жарықты жақсы беретін диодты шамдар келді», - дейді кәсіпкер Руслан Тілеев.



 Қазақстандықтардың жарықты үнемдейтін диодты шамдарға біртіндеп көшіп жатқанын жүргізілген талдау нәтижелері де көрсетіп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сай елдегі үй шаруашылықтарының 65 пайызы энергия үнемдейтін шамдарды пайдаланады. Ал халықтың 28,9% әлі де болса сол бұрынғы вольфрам қылы бар қыздыру шамдарын қолданып жүр. Дені ауылдық жерде. 


 Қазақстандықтар пайдаланатын шамдар


 энергия үнемдейтін шамдар - 65%


қыздыру шамдары – 28,9%                                             


 ауыл тұрғындары – 42,8%                                               


қала тұрғындары – 22,9%


 Энергия үнемдейтін шамдар сіздің коммуналдық шығыныңызды азайтқанымен, өзінің құны қымбаттау. Бұндай шамды өндірудің өзі арзанға түспейді. Сондықтан қазір әлем елдері оның оңтайлы тәсілдерін ойлап табумен айналысып жатыр. Олардың қатарында отандық ғалымдар да бар.


 Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің мамандары люминофорды синтездеудің тың технологиясын әлемде бірінші болып ашқан. Бұл ұнтақ ешбір электр энергиясына қосылмай жарық бере алады. Ол үшін 24 сағаттың ішінде арнайы пеште жоғары температурада синтездеу қажет. Ал қазақстандық ғалымдар ұсынып отырған технология уақытты әлдеқайда үнемдейді.


Қазір ғалымдар ашқан жаңалықтарын патенттеуге кіріскен. Айтуларынша, осы технологиямен жарық шамдардың жаппай өндірісін қолға алса, қуатты айтарлықтай үнемдеуге болады. Тіпті электр энергиясын өндіретін жылу электр орталығының да көмегінен бас тарту мүмкіндігі туады, дейді ғалымдар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электр энергиясы #үнемдеу #шамдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика