AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың басым көпшілігі мемлекет Презид...

Қазақстандықтардың басым көпшілігі мемлекет Президентіне сенім артады

Әлеумет 30.06.2022, 11:27 1,275
Қазақстандықтардың басым көпшілігі мемлекет Президентіне сенім артады
Сурет: Regnum.ru

Әлеуметтік сауалнама нәтижесі белгілі болды.


Биыл 9-28 маусым аралығында Qalaisyn.kz платформасында онлайн-сауалнама әдісімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ мемлекеттік органдарға сенімге қатысты әлеуметтік зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.


Зерттеу жаңадан құрылған облыстарды қоса алғанда, Қазақстанның барлық аумағы бойынша 18 және одан асқан жастағы 6 мың респондент арасында өткізілді. Сауалнама нәтижелері репрезентативті және Қазақстанның барлық халқына қатысты болжамдалады.


Сауалнама деректері көрсеткендей, Мемлекет басшысы зор сенімге ие - оған қазақстандықтардың 83,63%-ы сенеді. Социологиялық мониторинг қорытындысы сұралғандардың 78,81%-ы Мемлекет басшысы жұмысының қазіргі нәтижелеріне қанағаттанғанын көрсетті. Ал 59,37%-ы Қ.К. Тоқаевтың Президент лауазымында болған кезеңінде елдегі жағдай жақсарды деп санайды.


Президентке деген сенім деңгейінің артуы байқалып отырғанын айта кеткен жөн. Мәселен, сәуір айындағы сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70%-дан астамы Президентке сенім білдірген.


Сенімнің өсу серпіні конституциялық реформаның іс жүзінде жүзеге асырылуының басталуымен, алғашқы Ұлттық құрылтай өткізу сияқты ірі республикалық жобалардың іске асырылуымен, Мемлекет басшысының бірқатар елдегі белсенді сыртқы саяси қызметімен және ел үшін маңызды басқа да оқиғалармен түсіндіріледі.


Qalaisyn.kz платформасында биыл 21-23 маусым аралығында 18 жастан асқан 1200 қазақстандық арасында жүргізілген алдыңғы әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей, Мемлекет басшысының соңғы жетістіктерінің арасында Ұлттық құрылтайдың құрылуы ерекше жоғары атап өтіледі - қазақстандықтардың 74,52%-ы осы бастаманы қолдайды. Ал сұралғандардың 73,89%-ы оның жұмысының басталуына байланысты елдегі жағдайдың жақсаруын күтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сауалнама #опрос #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);