Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар «Қазақстан халқына» қорынан той жа...

Қазақстандықтар «Қазақстан халқына» қорынан той жасауға ақша сұрай бастады

Әлеумет 09.02.2022, 07:13 1,318
Қазақстандықтар «Қазақстан халқына» қорынан той жасауға ақша сұрай бастады
Сурет: Ranak.me

Мамандар мәселелердің барлығын қор шеше алмайтынын айтады.


«Қазақстан халқына» қоры қазақстандықтардан келіп түсетін өтініштерді қабылдай бастаған. Өтініш білдіретіндер қатарында той жасауға, үй алуға және несиесін төлеуге көмек сұрағандар бар, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Qazaqstanhalqyna.kz сайты іске қосылғаннан бері «Қазақстан халқына» қорына 13 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Жалпы, бүгінде қорда 115 миллиард теңгеден астам қаражат жинақталған. Шұғыл әрекет етуді талап ететін мәселелер бойынша сараптамалық комитеттер жұмыс істеп тұр.



Сонымен қатар, сайт пен әлеуметтік желідегі мессенджерлерге үй, көлік сатып алу, несие және басқа да қаржылық займдар бойынша міндеттемелерді төлеу, отбасылық іс-шаралар мен мерекелік шаралардың қаражатын өтеу туралы өтініштер әлі де түсуде.



Еске салайық, қамқоршылық кеңесі «Қазақстан халқы» қорының негізгі міндеттерін көрсететін тұжырымдаманы бекітті.


Осылайша, құжатқа сәйкес, қордың қызметі болашақта аурулардың және мүгедектіктің ықтимал дамуын болдырмау мақсатында сәбилерге медициналық қызмет көрсетуді дамытуға және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесуге, спорт және білім беру инфрақұрылымы, сондай-ақ балаларға арналған басқа да әлеуметтік маңызы бар қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.



Сондай-ақ, қор мүгедек, науқас немесе әлеуметтік бейімделу проблемалары бар баланы асырап алған, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбиені ұйымдастырған отбасыларға көмек көрсетумен және аз қамтылған отбасылардағы балаларға көмек көрсету үшін мектептермен өзара іс-әрекет жасаумен айналысады.



Сонымен қатар, тізімге Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін сақтап қалу және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету кезінде қайтыс болған немесе ауыр жарақат алған құқық қорғау органдары, арнайы органдар, ҰҚК қызметкерлерінің отбасыларына, әскери қызметшілеріне, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету кіреді.



«Бұл қызмет бағыттарын қамқоршылық кеңес бекітті, ал басқа салалар қор қызметіндегі басым бағыттарға жатпайды. Сондай-ақ, біз азаматтардың қаржылық проблемалары болуы мүмкін екенін түсінеміз. Алайда бұл мәселелердің барлығын қор шеше алмайды. Сондықтан тұжырымдамада көрсетілген қызмет бағыттарын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз», - деді «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қор #фонд #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика