конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар несиеге баспана мен көлікті көбіре...

Қазақстандықтар несиеге баспана мен көлікті көбірек сатып алуда

Әлеумет 21.11.2024, 11:56 902 Nursok82
Қазақстандықтар несиеге баспана мен көлікті көбірек сатып алуда
Алматы әкімдігі

Қазақстанның Ұлттық банкі елдегі несиелеу нарығының жағдайын жариялады. Бір қызығы мәліметтерді екінші деңгейлі банктер ұсынған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ұлттық банк қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Кубенбаевтың айтуынша, үшінші тоқсанда жеке тұлғалар тарапынан ипотека мен автокредиттерге сұраныс артқан. Ал кепілсіз несиелер мен кепілмен тұтынушылық несиелерге сұраныс азайған.

«Ипотекаға сұраныстың өсуін банктер мемлекеттік бағдарламалар аясында өтінімдер жинау және құрылысшылармен ынтымақтастықпен түсіндіреді. Ипотекалық өнімдерге сұраныстың артуына бәсекелес банктердің кепілдік қамтамасыз етуге қатаң талаптар қоюы да әсер етті. Нәтижесінде, жалпы кредиттік өтінімдер саны өткен тоқсанмен салыстырғанда 31%-ға артып, 274 мыңға жетті», — деді Олжас Кубенбаев.

Қазақстандықтар автокредиттерге де жиі өтініш бере бастады. Өткен тоқсанмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10%-ға артып, 1,1 миллионды құрады. Бұл жағдай автосалондардың банктер-партнерлер арқылы өз қызметтерін белсенді түрде жарнамалаумен де байланысты.

«2024 жылдың төртінші тоқсанында банктер автокредиттер мен кепілсіз тұтынушылық несиелерге сұраныстың артуын күтеді. Ал ипотекаға және кепілмен берілетін тұтынушылық несиелерге сұраныс өспейді», — деп атап өтті О.Кубенбаев.

2024 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандық банктер бизнеске, әсіресе орта және ірі бизнеске, несиелерді жиі мақұлдай бастады. Алайда, бизнес несиелеріне сұраныс бұрынғы деңгейде сақталды. Ірі және шағын кәсіпорындар өткен тоқсанмен салыстырғанда үш пайызға жиі несиеге жүгінген.

Шағын бизнес тарапынан 845 мың несиелік өтінім келіп түсті, бірақ олардың тек әрбір үшіншісі (35%) мақұлданды. Орта бизнестің 41%-ы, ірі бизнестің 51%-ы кредит алды.

Банктердің пікірінше, 2024 жылдың соңғы тоқсанында бизнес несиелеріне сұраныстың одан әрі өсетіні күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #автокредит #несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Кеше 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Кеше 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Кеше 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Кеше 16:48

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді

Кеше 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);