AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстандықтар енді Катарда заңды түрде жұмыс іст...

Қазақстандықтар енді Катарда заңды түрде жұмыс істей алады

Әлем 18.12.2025, 11:20 403
Қазақстандықтар енді Катарда заңды түрде жұмыс істей алады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Катар Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық арналар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қазақстандық жұмыскерлердің осы елде жұмысқа орналасуын реттеу туралы Келісімді орындау жөніндегі мемлекетішілік рәсімдердің орындалғанын растайтын жазбаша хабарлама жіберді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Құжатқа 2024 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысының Дохаға ресми сапары барысында қол қойылды. 2025 жылы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын ҚР Парламентінің қос палатасы (10 қыркүйек – Мәжілісте, 9 қазан – Сенатта) мақұлдады, 20 қазанда Заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды.

– Келісім Қазақстан азаматтарын Қатарда жұмысқа орналастырудың қауіпсіз және ашық жағдайларын жасауға және олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжат мамандарды іріктеуге өтінімдер алмасудың, олардың біліктілігін тексерудің және еңбек шарттарын жасасудың нақты тәртібін бекітеді. Келісім қазақстандық жұмыскерлерге үлгілік еңбек шартына сәйкес ұшуға, тұрғын үйге және медициналық қызмет көрсетуге ақы төлеу, еңбектің, демалыстың және сыйақының нақты шарттары, шартты мерзімінен бұрын бұзған кездегі жұмыскерлердің мүдделерін қорғауды қоса алғанда әлеуметтік және еңбек құқықтарына кепілдік береді, – делінген ведомство таратқан ақпаратта

Келісім нормаларының орындалуын бақылау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қатар мемлекетінің Еңбек министрлігінің өкілдерінен Бірлескен комитет құрылатын болады.

Қатарлық жұмыс берушілер ұсынатын барлық бос орындар migration.enbek.kz порталында орналастырылатын болады, бұл Қазақстан азаматтарына Қатар мемлекетіндегі еңбек мүмкіндіктеріне ашық және ресми қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта министрлік Корея Республикасымен, Сауд Арабиясымен, БАӘ, Словакия, Жапония, Швеция, Италия, Норвегия, Польша, Чехия, Румыния және Финляндиямен еңбек қызметін реттеу және еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау бойынша осыған ұқсас меморандумдар мен келісімдер жасасу бойынша жұмыс жүргізуде.

2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша шетелде еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында 156,7 мың қазақстандық жұмыс істеп жатқанын естеріңізге сала кеткен жөн.

Қазақстан азаматтарының ең көп саны Ресей Федерациясында (128,8 мың адам), Корея Республикасында (15,2 мың адам), Польшада (2,6 мың адам) және Ұлыбританияда (1,4 мың адам) жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Катар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда діни радикалданудың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін 16:05

Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді

Бүгін 15:49

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Бүгін 15:32

Екібастұзда құмар ойынға салынған мемқызметшілер әшкереленді

Бүгін 15:29

БҚО әкімі мас күйде көлік жүргізген

Бүгін 15:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика