AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық жұмыс берушілердің кадрларға сұранысы...

Қазақстандық жұмыс берушілердің кадрларға сұранысы өсуде

Әлеумет Бүгін 18:22 38 yakiya
Қазақстандық жұмыс берушілердің кадрларға сұранысы өсуде
gov.kz

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында республика жұмыс берушілері Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) 495,7 мың бос жұмыс орнын жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2 мыңға немесе 2,3%-ға артық (484,5 мың). Еңбек ресурстарына тұрақты сұраныс экономиканың барлық негізгі салаларында сақталуда. Әсіресе ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс салаларында өсім қарқыны жоғары болды.

Айлар бөлінісінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең жоғары өсім наурыз айында (+27,6%) және сәуірде (+7,4%) тіркелді. Қаңтар айындағы көрсеткіш те өткен жылдың деңгейінен 3,6%-ға жоғары болды.

Салалар бойынша ең көп бос жұмыс орны білім беру бағытында жарияланды. Бұл салада 120,3 мың вакансия орналастырылып, жалпы сұраныстың шамамен 24%-ын құрады.

Сонымен қатар өндірістік және агроөнеркәсіптік секторларда кадрларға деген сұраныстың айтарлықтай артқаны байқалады. Бұл нақты сектордағы экономикалық белсенділіктің күшейгенін көрсетеді:

  • ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 37,5 мың бос жұмыс орны ұсынылды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,8%-ға көп;

  • тау-кен өндіру өнеркәсібінде кадрларға сұраныс 48%-ға өсіп, 8,4 мың вакансияны құрады;

  • өңдеу өнеркәсібінде өсім 31,1%-ды құрап, 37,8 мың бос жұмыс орны жарияланды;

  • құрылыс саласында вакансиялар саны 26,6%-ға артып, 32,1 мыңға жетті.

Сондай-ақ өзге қызмет түрлерін көрсету саласында да оң өсім байқалды – мұнда 75 мың бос жұмыс орны жарияланып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,9%-ға артты. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында да сұраныс 34,6%-ға өсіп, 10,9 мың вакансияны құрады.

Өңірлер бөлінісінде бес ай ішінде ең көп бос жұмыс орны Астана қаласында (41 мың), Павлодар облысында (34,8 мың) және Түркістан облысында (33,9 мың) тіркелді. Ал өткен жылмен салыстырғанда кадрларға сұраныстың ең жоғары өсімі Атырау облысында (+63,2%), Ақмола облысында (+43,7%) және Түркістан облысында (+23,2%) байқалды.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы жиынтық көрсеткіштер еліміздің еңбек нарығында тұрақты оң үрдіс сақталғанын көрсетеді. Әсіресе өнеркәсіп пен аграрлық секторларда сұраныстың артуы отандық өндірістің сапалы дамып келе жатқанын айғақтайды. Қазіргі уақытта еңбек нарығында жұмыс іздеушілер үшін барлық өңірлер мен негізгі салалар бойынша жұмыспен қамтудың кең мүмкіндіктері ұсынылып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс беруші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

Бүгін 19:39

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

Бүгін 19:35

Естелік-портрет: аудиториядан басталған эфир жолы

Бүгін 19:26

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Бүгін 18:25

Алматыдан Шанхайға дейін: Алматы музейі екі мегаполисті мәдениет арқылы тоғыстырды

Бүгін 18:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);