Қазақстандық делегация Өзбекстан астанасында өтіп жатқан халықаралық волонтерлер форумына қатысуда. Биыл ТМД-ның жастар астанасы болған Ташкент өз жұмысын осы іс-шарамен қорытындылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Іс-шараға еріктілер қозғалысының көшбасшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің тәлімгерлері қатысты. Форум волонтерлік мәдениетті дамытуға және өңірдегі, әлемдегі волонтерлер күшін біріктіруге бағытталған.
Форум аясында ТМД елдеріндегі волонтерлік қызметке арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азиядағы волонтерлік қызметке алғашқы шолуы жасалды.
Сонымен қатар, форумға қатысушылар 2024 жылды қорытындылап, алдағы ынтымақтастықты талқылады.
Айта кетейік, 2025 жылғы ТМД-ның жастар астанасы ретінде Әзірбайжанның ең көне қалаларының бірі – Габала таңдалды.