ffin.kz

Қазақстандық стартап отандық өнеркәсіп саласына жаңа дем әкеледі

Қазақстандық стартап отандық өнеркәсіп саласына жаңа дем әкеледі Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстандық мамандар өнеркәсіп саласында деректерді өңдейтін бірегей платформа әзірледі.


Жүйе тау-кен металлургия, мұнай-газ және өңдеу секторларында жұмыс істейтін кәсіпорындардағы өндірістік және бизнес-процестерді оңтайландырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 


Ол  қарапайым құралдардың көмегімен деректерді жинап қана қоймай, талдау жүргізуге де мүмкіндік береді. Сонымен қатар платформа шикізат пен энергия ресурстарының азаюы мен артық қолданылуын анықтайды. Ал өндіруші осы құрылғы арқылы  өндіріс кезінде орын алған барлық кемшіліктер мен қателіктерді байқай алады.



«Біз өндірістік кәсіпорындардың жұмысын оңтайландыру үшін жасанды интеллект элементтерін пайдаланамыз. Компания өз жұмысын бастағанына шамамен 4 жыл болды. Қазақстанда 10-ға жуық жобаны, ірі ұйымдармен байланысы бар жобаларды жүзеге асырдық. Өзіміздің барлық жобаларымызда біз цифрлық жүйелердің, бағдарламалардың тиімділігін барынша көрсетуге тырыстық», - деді IT-шешімдер бойынша Қазақстандық компанияның басшысы Ержан Жанзақов.



Компания өз мүмкіндігін өткен жылы Инновациялық гранттар байқауындағы жеңісінің арқасында кеңейткенін айта кеткен жөн. Аталған байқаудың жеңімпаздарға қойған ең негізгі шарттарының бірі жобалары «ноу-хау» ұғымына сай болу еді. Соның нәтижесінде бүгінде компания көрші мемлекеттердің нарығына шығуға дайын.



«Қазақстан үшін мұндай өнімдердің берері өте көп.  Мысалы, басқа елдерге осындай өнімдерді экспорттау мүмкіндігі. Ал гранттық қаржыландыруға келер болсақ, ол QazInnovations тарапынан шамамен 40 миллион болды, ал  қоса қаржыландыру нәтижесінде жалпы 55 млн көлемінде қаражат берілді. Оның басым бөлігі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, пысықтауға, оның ішінде өндірісті ұйымдастыру үшін жабдықтар сатып алуға жұмсалды», - деді IT-шешімдер бойынша Қазақстандық компанияның басшысы Ержан Жанзаков.



Өз мүмкіндігін пайдалануды, кеңейтуді армандайтын  басқа да стартап-компаниялар үшін республикада инновациялық гранттар конкурсы ұзартылды. Оған қатысуға өтінімді 15 қыркүйекке дейін беруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37