AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық спортшылар Азия ойындарында Қазақстан қо...

Алматылық спортшылар Азия ойындарында Қазақстан қоржынын жүлдемен толтыруда

Спорт 24.09.2026, 18:38 365
Алматылық спортшылар Азия ойындарында Қазақстан қоржынын жүлдемен толтыруда
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алматылық спортшылар ұлттық құрама сапында жүлде алуды жалғастырып жатыр. Кезекті күміс медальдарды Кристина Морозова, Милад Карими және Татьяна Токарницкая жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы спорт басқармасының өкілдері айтты.

Жеңіл атлетикадан Кристина Морозова жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүрісте 1:35:25 нәтижесін көрсетіп, екінші орын иеленді. Оның күміс жүлдесі Қазақстанның әйелдер арасындағы спорттық жүріс тарихында ерекше нәтиже болды — Морозова осы дисциплинада Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Спорттық гимнастикадан Милад Карими ерлер арасындағы еркін жаттығулар финалында 14,600 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Қазақстан Азия ойындарында бұл бағдарлама бойынша 32 жылдан кейін алғаш рет күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін дәл осындай жүлдені 1994 жылы Сергей Федорченко иеленген.

Тағы бір күміс жүлдені Татьяна Токарницкая жеңіп алды. Байдаркамен ескек есуден әйелдер арасындағы 500 метрлік қоссайыста ол Ольга Шмелёвамен бірге 1:48,140 нәтижесімен мәреге екінші болып жетті.

Бұл жүлделер алматылық спортшылардың Азия ойындарындағы сәтті өнерін жалғастырды. Бұған дейін Алматы өкілдері қазіргі бессайыстан командалық жарыста және каратэден қола медаль жеңіп алған еді.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Алда Қазақстан құрамасы сапындағы алматылық спортшылар спорттың өзге түрлерінен де сынға түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ауқымды құрылыс қарқыны»: бір апта ішінде қандай жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды

Бүгін 08:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Кеше 21:00

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Кеше 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Кеше 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Кеше 15:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);