AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Бәшен Баймұратованың 100 жылдығына арналғ...

Алматыда Бәшен Баймұратованың 100 жылдығына арналған кездесу өтті

Мәдени Алматы Бүгін 18:30 42
Алматыда Бәшен Баймұратованың 100 жылдығына арналған кездесу өтті

Кеш барысында ғалымның шәкірттері мен замандастары ұстаз туралы естеліктерін айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ұстазы, ғалым Баймұратова Бәшен Баймұратқызының 100 жылдығына арналған «Ғылымға жетелеген ұстаз» атты әдеби танымдық кездесу өткізді.

Іс-шара Ішкі саясат қағидаттарының саяси гуманитарлық идеологемасы жоспарына сәйкес және Ұстаздар күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты Бәшен Баймұратқызының ұстаздық және ғылыми жолын, білім мен ғылым саласына қосқан үлесін кеңінен насихаттау, оның өнегелі өмірі мен кәсіби қызметін кейінгі ұрпаққа үлгі ету болды.

Іс-шараға ғалымның ізбасар шәкірттері, ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Кездесудің арнайы қонағы ғалымның қызы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Соқпақбаева Самал Бердібекқызы болды. Ол анасы туралы естеліктерімен бөлісіп, Бәшен Баймұратқызының өмір жолы мен еңбектеріне шолу жасады.

Кеш барысында ғалымның шәкірттері мен замандастары ұстаз туралы естеліктерін айтып, оның кәсіби болмысы мен адамдық қасиеттері жөнінде ой бөлісті. Бәшен Баймұратқызының ғылыми педагогикалық мұрасы мен шәкірт тәрбиесіндегі орнына ерекше назар аударылды.

Әдеби танымдық кездесуде оқырмандардың ғылымға қызығушылығын арттыру, білім мен ізденістің маңызын дәріптеу мәселелері де қамтылды.

Кештің мазмұнын өнерпаздардың музыкалық және поэзиялық қойылымдары толықтырып, қонақтарға ән мен жырдан шашу шашылды.

«Ғылымға жетелеген ұстаз» кездесуі көрнекті ғалымның өмірі мен еңбегін дәріптеп, оның өнегесін кейінгі буынға жеткізуге бағытталған тағылымды мәдени ағартушылық шара ретінде өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Бүгін 19:09

«Заң мен тәртіп»: Алматы жастары «Есірткісіз Қазақстан» акциясын қолдады

Бүгін 18:42

Алматылық спортшылар Азия ойындарында Қазақстан қоржынын жүлдемен толтыруда

Бүгін 18:38

«Заң мен тәртіп»: Алматы жастары «Есірткісіз Қазақстан» акциясын қолдады

Бүгін 18:01

Алматыда роботаксиді болашақта сынақтан өткізу үшін деректер жинала бастады

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);