AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Заң мен тәртіп»: Алматы жастары «Есірткісіз Қазақ...

«Заң мен тәртіп»: Алматы жастары «Есірткісіз Қазақстан» акциясын қолдады

Заң мен тəртіп Бүгін 18:42 31
«Заң мен тәртіп»: Алматы жастары «Есірткісіз Қазақстан» акциясын қолдады
Алматы әкімдігі

Акцияға 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында есірткінің заңсыз жарнамасын анықтауға және жоюға бағытталған «Есірткісіз Қазақстан» ауқымды акциясы өтті.

Іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы Алматы қаласы Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.

Акцияға 200-ге жуық адам – жас белсенділер, «Әділет жастар одағы» жастар қозғалысының өкілдері, «Esirtkisiz Almaty» профилактикалық фронт кеңсенің белсенділері, еріктілер, жастар комьюнити орталықтарының резиденттері, полиция қызметкерлері, әкімдік пен прокуратура органдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, аулалар, қоғамдық орындар және қаланың басқа да аумақтарын аралап, есірткіні заңсыз таратуға қатысты жарнамаларды іздеді. Әсіресе, интернеттегі есірткі саудасына сілтеме жасайтын жазулар мен граффитилерге баса назар аударылды.

Акция қорытындысы бойынша есірткі жарнамасы бар 120-дан астам жазу анықталып, боялып жойылды. Сонымен қатар анықталған күмәнді интернет-ресурстар туралы ақпарат тиісті тексеру жүргізіп, шара қолдану үшін құзырлы органдарға жіберілді.

«Мұндай жазулар – қаланың сыртқы келбетін бұзатын жай ғана көрініс емес. Оның артында, әсіресе жастар үшін, нақты қауіп тұр. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарамай, жастардың өзін профилактикалық жұмыстарға тарту маңызды. Біздің міндетіміз – мұндай жарнамаларды жоюмен ғана шектелмей, есірткі мен оны таратуға қауіпсіз қалада орын жоқ екенін түсіндіру», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткі қылмысына төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және жас алматылықтарды қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға тарту.

«Біз үшін жастардың сырттай бақылаушы болып қана қалмай, қаладағы өзекті мәселелерді шешуге тікелей атсалысуы маңызды. Бүгін жастар мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге көшелерге шығып, есірткі жарнамасына қарсы күреске үлес қосты. Осындай акциялар ауданы мен қаласының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді», – деді «Әділет жастар одағы» жастар қозғалысының төрағасы Тұрлан Ерболат.

Алматыда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Жыл басынан бері жастардың құқықтық сауатын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Есірткінің таралуына қарсы іс-қимылға да ерекше көңіл бөлініп отыр. «НаркоSTOP» жобасы аясында 110-нан астам іс-шара өткізіліп, 18 мыңнан астам жас қамтылды.

Сондай-ақ, жастар белсенділері мен тиісті қызметтердің бірлескен жұмысы нәтижесінде есірткі жарнамасы бар 7,5 мыңға жуық граффити жойылып, 360-тан астам интернет-ресурс анықталып, бұғаттау үшін жолданды.

Мұндай бастамалар жастарды есірткі қылмысының алдын алуға тартып қана қоймай, қаланың қауіпсіздігіне әр адамның жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Алматыда заңсыз есірткі жарнамасын анықтау және жою жұмыстары жалғаса береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Бүгін 19:09

Алматылық спортшылар Азия ойындарында Қазақстан қоржынын жүлдемен толтыруда

Бүгін 18:38

Алматыда Бәшен Баймұратованың 100 жылдығына арналған кездесу өтті

Бүгін 18:30

«Заң мен тәртіп»: Алматы жастары «Есірткісіз Қазақстан» акциясын қолдады

Бүгін 18:01

Алматыда роботаксиді болашақта сынақтан өткізу үшін деректер жинала бастады

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);