AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушылар республикалық ғылыми жобалар...

Қазақстандық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсына 700 жоба ұсынды

Білім және ғылым 03.03.2025, 12:24 1,060 dulatbekova
Қазақстандық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсына 700 жоба ұсынды
Сурет: Gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңін қорытындылады.

Конкурстың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңінде 900-ге жуық оқушы бақ сынады, оның ішінде ауылдық елді мекендерден 132 оқушы қатысты. Ауыл оқушыларының білім додасына қатысуы биылғы жылы 112,9 пайызға артып отыр, өткен жылы 62 оқушы қатысқан болатын.

Конкурс екі кезеңде өткізілді: жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша.

Конкурстың қазылар алқасының құрамында еліміздің беделді жоғары оқу орындарының профессор ғалымдары болды.

Марапаттау қорытындысы бойынша 263 оқушы жаратылыстану-математикалық бағытында, 148 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына 32 ректорлық грант табыс етілді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден ең үздік жобалар АҚШ-та (Огайо штаты, Колумбус) 10-16 мамырда өтетін Regeneron ISEF-2024 Дүниежүзілік ғылым және техника көрмесіне Қазақстанның атынан қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақстандық оқушылар #ғылыми жобалар #конкурс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Черногория Президентін қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін 14:14

Судьялар күні қарсаңында журналистерге Алматы әкімшілік сотының жұмысы таныстырылды

Бүгін 14:10

Шыңғыс Айтматов атындағы 40-шы мерейтойлық Халықаралық Ыстықкөл форумы өз жұмысын бастады

Бүгін 12:38

Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы шаралар күшейтіледі

Бүгін 12:01

Елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);