AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық өнертабыс шетел нарығын бағындырмақ

Қазақстандық өнертабыс шетел нарығын бағындырмақ

Әлеумет 13.07.2022, 11:34 1,865
Қазақстандық өнертабыс шетел нарығын бағындырмақ
Сурет: Gov.kz

Алматылық жас кәсіпкер бастаған топ мобильді қосымша ойлап тапты. 


Оған АҚШ тарапы қызығушылық білдіріп отыр. Онлайн алаң көлік иелері мен бірге автошеберлер үшін әзірленген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Жоба жолдағы кез келген күтпеген жағдайды жедел шешуге бағытталған. Мәселен, электронды тұғырнама арқылы темір тұлпар дөңгелегін ауыстыру сынды түрлі көлік ақауларын қалпына келтіру үшін  эвакуаторды немесе электромеханикті шақыруға болады.



«Қазір біз жоспарлаған мақсаттарға жету үшін жұмыс жасап жатырмыз. Жобаны шілде айының соңына дейін іске қосып, бизнесті бастап кету керек. Қазір соңғы пысықтаулар жүріп жатыр. Жобамызды алдымен Калифорния мен Техаста ендіріп, кейін Лос-Анджелес нарығын бағындыру көзделген»,  - дейді мобильді қосымша авторы Бағлан Олжабаев. 



Команда қосымшаны үш жыл бойы 2017 ден 2020 жылға дейін әзірледі. Болашақта оны бірқатар жаңа функциямен толықтыру көзделуде. Жақын уақытта онлайн кеңес беру қызметі қосылмақ. Яғни, жүргізуші кенеттен сыр берген темір тұлпарын арнайы техстанцияларға сүйремей-ақ, шеберлердің қашықтан берген нұсқаулықтарына сүйеніп өздігінен жөндей алатын болады.



«Ұялы қосымшаға кіріп, бас парақшаның үстіңгі жағындағы стористерге басасыз. Ол жерде көлікті жөндеу ақысын бағалау функциясы қарастырылған, 30 секундтық видеоға немесе фотоға түсіруге мүмкіндік бар. Түсіріп, шеберге жібересіз. Олар қарап, бағалап, қанша уақыт қажет екенін айтады. Ал төменгі жағында шеберді шақыру функциясы бар. Қай жерде жүрсеңіз де, ол көмекке келеді. Сондай-ақ, қарапайым пайдаланушының табыс табу мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, мен автоконсьерж немесе бензин жеткізу қызметін көрсете аламын. Көлігім болса, курьер болуға болады. Эвакуатор көлігім болса, сәйкес қызметтер көрсетуге болады», - дейді мобильді қосымша авторы Бағлан Олжабаев.



Айта кетейік, бүгінде 6 мың автокөлік иесі және 800 жүз шебер мобильді қосымшаны белсенді пайдаланып жүр.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мобильді қосымша #Өнертабыс #көлік иелері #автошеберлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Кеше 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Кеше 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Кеше 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Кеше 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Кеше 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);