AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстандық өнерпаздар «OPEN ITALY» байқауының ба...

Қазақстандық өнерпаздар «OPEN ITALY» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

Мәдениет 25.04.2023, 14:00 1,092
Қазақстандық өнерпаздар «OPEN ITALY» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
Сурет: Egemen.kz

Қазақ өнерпаздары «Адай», «Көрөғлы», «Әлқисса» күйлері мен Олжас Сүлейменовтың «West» туындысын орындады.


Олар «Халық аспаптары» номинациясы бойынша топ жарып, халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солистері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары – «T&Y» домбырашылар дуэтінің мүшелері Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз «Open Italy» аспапты орындаушылардың халықаралық музыка байқауында бас жүлдені жеңіп алды


«Open Italy» аспапты орындаушылардың халықаралық музыка байқауы жыл сайын Италия мемлекетінің Пезаро қаласында өтеді. Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен аспапшылар шақырылған. Байқауға 24 елден үміткерлер қатысты.


Іс-шара аяқталып, қорытындылар жарияланғаннан кейін міндетті түрде қазылар алқасының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізіледі. Айта кетейік, байқау аясында шеберлік сыныбы да қарастырылған.


Байқаудың негізін қалаушылар – Испанияның «Fiestalonia Milenio» фестиваль комитеті, «Ad Arte» қауымдастығы (Италия) және бас кеңсесі Лондонда орналасқан «Fiestalonia International» дарынды орындаушылардың продюсерлік орталығы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнерпаздар #бас жүлде #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23

ШҚО полицейі бастаған ел құрамасы Түркиядағы халықаралық сайыста жүлде алды

Бүгін 19:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);