Қазақстандық мамандар өткен айдағы іскерлік белсенділік индексі жайында айтты

Қазақстандық мамандар өткен айдағы іскерлік белсенділік индексі жайында айтты Сурет: Cronos.asia

Біршама төмендеді.


ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин мамыр айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 


Маманның сөзіне сүйенсек, мамырда іскерлік белсенділік индексі 49,0 (сәуірде – 49,5) болып, біршама төмендеген. Дегенмен көрсеткіш «геосаяси жағдайдың және онымен байланысты салдардың ықпалында болған наурыздағы деңгейден (48,2)» жоғары.



«Іскерлік белсенділіктің өсуі өндіріс секторында байқалды: индекс 50,9-ға дейін көтерілді (сәуірде – 50,5). Қызмет көрсету секторында және тау-кен өндіру өнеркәсібінде іскерлік белсенділік, тиісінше, 48,8-ге және 48,3-ке дейін төмендеді. Құрылыста индекс 44,6-дан 46,2-ге дейін көтерілді», - дейді Рүстем Оразалин.



Айта кетсек, барлық секторда жеткізілім мерзімдері ұзарған. Құрылыста жұмыспен қамту жағдайы аздап жақсарған, бірақ тапсырыс көлемі төмен деңгейде қалып отыр.



«2022 жылғы мамырда кәсіпорындардың ағымдағы бизнес-жағдайларды бағалауы өзгеріссіз қалды. Теріс өзгерістерді атап өткен респонденттер саны бұрынғысынша басым. Алайда, кәсіпорындардың болашақ бизнес-жағдайларына қатысты сенімі айтарлықтай жақсарды (келешек жағдайларды бағалау биылғы сәуірдегі 7,3-тен 22,5-ке дейін ұлғайды). Нәтижесінде ағымдағы және болашақ бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі бизнесті жүргізудің болашақ жағдайларына қатысты, әсіресе, құрылыс саласындағы кәсіпорындарда оптимизмді жақсарту есебінен 9,2 (сәуірде – 2,2) құрап, айтарлықтай жақсарды», - деді департамент директоры.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:10

09:48

09:29

09:10

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02