ffin.kz

Қазақстандық жас аспаздар Татарстанда өз өнерлерін көрсетеді

Қазақстандық жас аспаздар Татарстанда өз өнерлерін көрсетеді Сурет: Ғаламтордан

Қазақстандық делегацияның Ислам елдері жас аспаздарының Young Chefs International 2024 халықаралық турниріне дайындығы қалай өтуде Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында  белгілі болды.

Қазақстан рестораторлар клубы ассоциациясының жетекшісі Гүлнар Катибаева атап өткендей, жас аспаздар турнирі бес жылдан бері Татарстан Республикасында өтіп келеді. Халықаралық турнирге Малайзия, Сауд Арабиясы, Катар, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа да ислам елдері қатысады.

«Бұл қызықты шараның кураторлары әлемдік деңгейдегі танымал аспаздар болмақ. Қазақстан өзінің ерекше дәмі мен тәжірибесін ұсынатын тек қатысушы ғана емес, сонымен қатар қазылар алқасының құрамында да болады», - деді ол.

Атап өткендей, Қазақстанның қатысуының ерекшелігі әлемнің жетекші аспаздары дайындаған мерекелік кешкі ас болмақ, оның ішінде қазақстандық аспаз да бар. Бұл кеште қазақ асханасының байлығы туған елден әкелінген бірегей өнімдер ұсынылады.

«Біз ұлттық тағамдарды әлемдік деңгейде көрсету мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін мақтан тұтамыз. Біздің аспаздар аз ингредиенттерді пайдалана отырып, қазақ асханасының бірегейлігі мен байлығын көрсетуге дайын», - деді Қазақстан делегациясының өкілі.

Турнирге Қазақстан атынан жас әрі талантты аспаз Руслан Ибрагимов пен технолог, Алматы технологиялық университетінің 3 курс студенті Мерей Жексеналы қатысады.

Бұл жас аспаздардың шеберлігі мен шығармашылығын көрсетуге ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның және басқа елдердің аспаздық қауымдастығы арасындағы достық байланыстарды нығайтудың бірегей мүмкіндігі. Бұл шараға қатысу қазақстандық асхананы халықаралық аренада танымал ету жолындағы жарқын қадам болады деп күтілуде.

Жексеналы Мерей турнирге дайындықтың қалай өтіп жатқанына тоқталды.

«Маған осы турнирге қатысу бақыты бұйырды. Мен болашақ аспаз болғандықтан, бұл турнирден ең көп күтетін нәрсе - тәжірибе алмасу, әлем асханаларының дәмін татып, жаңа дағдыларды меңгеру және осының барлығын болашақ тәжірибеде пайдалану мүмкіндігі. Осы мүмкіндік үшін университетіме алғыс айтқым келеді», - деді ол.

Аспаз Руслан Ибрагимов Қазақстан аспаздық дәстүрлердің алуан түрлілігіне үлес қосып, әлемдік гастрономиялық сахнада маңызды рөл атқарады деп санайды.

«Мен іріктеуге қатысу құрметіне ие болдым. Іріктеуден өтіп, Мерейді жаттықтыруға кірістім. Ендігі басты міндетіміз – тарихымызды, гастрономиялық мәдениетімізді барынша жақсы қырынан көрсету. Мен өз жұмысымды жақсы орындап, Қазақстанға алтын медаль әкелемін деген үміттемін», – деді Р. Ибрагимов.

Ол қазақ асханасы өзінің алуан түрлілігі, хош иістері және дәмінің байлығымен танымал екенін айтты. Шетелдік әріптестер үнемі жергілікті сүт өнімдерін жинауды сұрайды деп те атап өтті.

«Бізде керемет сүт өнімдері бар, шикізат сапасы жоғары деңгейде. Алдағы 5-6 жылда біз жаһандық деңгейге жетіп, кеңірек танылатын боламыз», - деп баса айтты аспаз.

Ол сондай-ақ жаңа тағамдарды жасауға не шабыттандыратынын айтты.

«Мен өз елімнің патриотымын. Менің шағын блогым бар, онда мен Қазақстанның табиғаты және тағам дайындаудың дәстүрлі әдістері туралы айтамын. Дәстүрлі тағам дайындау әдістері деп нені айтамын? Біз қазақтар көшпелі халықпыз. Түркі халықтары көшпелі халық. Бізде пісірудің жалғыз әдісі бар - ол от арқылы тағамды қуыру, қайнату және бұқтыру. Және қазанда дайындау. Мен дайындайтын барлық тағамдар отқа пісіруге негізделген, яғни нан болсын, бәрін отқа пісіремін. Қазақта «таба нан» деген тамаша нан бар. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар, соның ішінде көже дайындауды, ет асудың бесбармақтан айырмашылығы жайлы айтамын. Мен біздің табиғатымыздан, өнімдерімізден және адамдарымыздан шабыт аламын. Біздің елде әртүрлі ұлттар бар, оның әрқайсысынан аздап қызықты сәттерді, дайындықтың технологиялық аспектілерін алуға болады. Ал мұның бәрін қазақ гастрономиясына бейімдеңіз. Бір сөзбен айтқанда, бұның бәрі мені шабыттандырады», - деп бөлісті Руслан Ибрагимов.

Алматы технологиялық университетінің «Тамақ өнімдері технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Таева болашақ аспаздар мен технологтардың дайындығына қатысты тоқталды.

«Біздің бөлімде оқитын аспазшылар мен технологиялық инженерлердің айырмашылығы - технологиялық инженерлердің тағам химиясы және термиялық өңдеу кезінде болатын биохимиялық процестер туралы негізгі білімнің болуында. Біздің студенттер оқитын инженерлік құрамдас бөлік және инженерлік пәндер маңызға ие, бұл жабдықтар, технологиялық процестерді автоматтандыру және т.б. Өнімдерімізді халықаралық нарыққа шығару үшін тағам өнімдерінің деңгейі жоғары, олардың қауіпсіздігі мен сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Біздің студенттер осы бағыттарда білім алады», - деді ол.

Қазақстан рестораторлар клубы ассоциациясының жетекшісі Гүлнар Катибаева бұл турнир жастар арасында аспаз мамандығын кеңінен насихаттау және мамандықтың беделін арттыру мақсатында өткізіліп отырғандығын атап өтті.

«Турнир идеясы Татарстанның Қазан қаласында пайда болды. Былтыр біз турнирге қатысып, қалай өткенін көрдік. Турнирдің ұйымдастырылуы жақсы болды, бірақ біздің елмен салыстыруға келмейді. Бізде турнир қатысушылар үшін қиын өтеді, оларда жеңілдетілген. Біздің елде турнирге қатысу үшін үлкен дайындықтан өту қажет. Өткен жылғы турнирдің ұйымдастырылуы маған ұнады. Татарстанда турнирді ұйымдастыруда мемлекет кең қолдау көрсетеді. Бізде ондай емес. Осы жағынан Татарстан тәжірибесін алуға болады деп ойлаймын. Мүмкін, турнирден оралып, ол жерде болғанды баяндағаннан кейін, бізде де тағам саласына қолдау көрсетілетін болады деп үміттенеміз», - деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32