AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық фермерлерге 133,6 млрд теңге субсидия...

Қазақстандық фермерлерге 133,6 млрд теңге субсидия төленді

Әлеумет 12.07.2023, 11:45 1,048
Қазақстандық фермерлерге 133,6 млрд теңге субсидия төленді
Сурет: ашық дереккөз

Бүгінде қазақстандық фермерлер gosagro.kz порталы арқылы 100 144 өтінім берді. Ауыл шаруашылығы басқармаларының қарауында 37 236 өтінім бар, 22 444 өтінімді мақұлданған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, «Күту парағында» жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 32 146 өтінім тұр.



«Бұл өтінімдерді жүйе толығымен өңдеп, басқармалар қазынашылық жүйесі арқылы  төленуде. Қазіргі уақытта фермерлерге шамамен 69,4 млрд теңге төленді», - деп атап өтті АШМ өкілдері.



Бұл сомадан басқа мемлекеттік субсидиялау жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алдында 28,4 млрд теңгеге субсидиялар бойынша былтырғы борыш өтелді.



«Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша бүгінгі күні 40,4 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданып, 35,8 млрд теңге төленді. 


Жалпы, СБМАЖ арқылы 133,6 млрд теңге төленді», - делінген хабарламада.



Сонымен қатар облыстық АШБ «күту парағына» сәйкес фермерлерге 31,8 млрд теңгеге субсидияны төлеген жоқ.


Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 109,3 млрд теңгеге 5 077 өтінім берілді, қазіргі уақытта АШБ  18,5 млрд теңгеге 968 өтінімді мақұлдап, резервке жіберді.


Осылайша, Ауыл шаруашылығы басқармаларына пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 57,3 млрд теңгеге 2 881 ұсыныс жеткізілді. Қағидаларға сәйкес бұл ұсыныстарға қаражаттың түсуіне қарай шарт жасалып, қол қойылады. Резервтен келісу мен қол қою сатысында 724 шарт бар. 171 шартқа қол қойылды.


Айта кетейік, қазір бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді және онда 52 110 пайдаланушы тіркелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Субсидия #Фермер #Ауыл шаруашылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 12:33

23 сәуір -Ұлттық кітап күні

Бүгін 12:16

Алматыда биыл 700-ден астам интернеттегі алаяқтық тіркелді

Бүгін 11:14

Маркетплейс саудагерлеріне де бақылау күшейтілді

Бүгін 11:07

Елордада IX «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды

Бүгін 10:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика