AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық десантшылар парашют спортынан халықар...

Қазақстандық десантшылар парашют спортынан халықаралық жарыстарға дайындалуда

Әлеумет 25.04.2024, 12:01 1,238
Қазақстандық десантшылар парашют спортынан халықаралық жарыстарға дайындалуда
Сурет: Gov.kz

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің парашюттік командасы Түркияда өтетін «ЭФЕС-2024» халықаралық оқу-жаттығуына қатысуға дайындалуда.  


Жаттығулар Қонаев гарнизонындағы 32363 әскери бөлімінің базасында 10 сәуір мен 05 мамыр аралығында «Оңтүстік Жаңа Іле» секіру алаңында өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Парашют командасының құрамында – 16 адам, оның бесеуі әскери қызметші әйелдер. 


Тәжірибелік сабақтар барысында қатысушылар Ми-17 тікұшағынан 2000 метр биіктіктен, сондай-ақ Си-295 ұшағынан «Д 1,5У» парашют жүйесімен және кейіннен «Инсайдер 300 SF» парашют жүйесімен 3000 метр биіктіктен секіреді. 


Секіру кезінде спортшылар парашют ашылғанға дейін дұрыс еркін құлауды орындауы керек, бұл бағдарламаның өте маңызды элементі. Түпкі мақсат – 3500 метр биіктіктен секіру, оның 2000 метріне дейін парашютшы еркін құлауды орындайды. Бұдан өзге жеке құрамды десанттау үшін оларға әртүрлі типтегі парашюттерді орау курсы өткізіледі. 


Ел намысын қорғаушылар қатарында ефрейтор Балжан Мұсатаева да бар. 2013 жылы ол Қазақстан армиясының қатарына шақырылған. Осы уақыт ішінде Балжан әр түрлі парашют жүйелерімен 120-дан аса парашютпен секірген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Десантшылар #парашют спорты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);