AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық бітімгерлердің алғашқы жасағы Голан ж...

Қазақстандық бітімгерлердің алғашқы жасағы Голан жоталарынан оралды

Әлеумет 13.04.2025, 13:24 658 dulatbekova
Қазақстандық бітімгерлердің алғашқы жасағы Голан жоталарынан оралды
Сурет: Gov.kz

Елордалық әскери авиабазада БҰҰ миссиясы аясында (UNDOF) Голан жоталарында қызмет атқарып, бір жылдан кейін елге оралған Қазақстанның тұңғыш бітімгерлік контингентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен бітімгерлік қызмет атқарған әскери қызметшілерді Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері мен әріптестері қарсы алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов әр бітімгердің қолын алып, жеке құрамға алғысын білдірді. Ол сондай-ақ, Қазақстан армиясының тарихында алғаш рет Голан жоталарында "БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясында өзінің қару-жарағы мен техникасымен дербес ұлттық контингент орналастырылғанын атап өтті.

- Бұл миссия аласапыран аймақта халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі маңызды міндет болды. Сіздердің күш-жігерлеріңіз назардан тыс қалмай, халықаралық аренада Қазақстанның беделін жауапты, әрі бейбіт мемлекет ретінде одан әрі нығайтуға негіз болды. Адал қызметтеріңіз бен жауынгерлік тапсырманы орындаудағы жауапкершіліктеріңіз, сондай-ақ, қазіргі таңда басынан қиын кезеңді өткеріп жатқан адамдарға көмек қолын созғандарыңыз үшін алғыс айтамын, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

Бітімгерлік ротасының командирі подполковник Жігер Аипов Фауар базасында миссияны орындау барысында қазақстандық контингент 600-ден астам тапсырманы орындағанын атап өтті.

- Осыдан бір жыл бұрын біздің 139 адамнан тұратын алғашқы бітімгерлік контингентіміз Голан жоталарына аттанды. Жауапкершілік аймағында ротаның жеке құрамы жүктерді алып жүру бойынша патрульдік және гуманитарлық қызмет атқарды. Біз 4 эвакуация жасадық және 400-ден астам жарылмаған заттардың жойдық, - деді ол.

Қиын-қыстау кезеңде ер адамдармен бірге БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясында 7 әйел әскери қызметші қызмет атқарды.

Алға қойылған міндеттерді ойдағыдай орындағаны үшін қазақстандық бітімгерілік контингенттің жеке құрамы БҰҰ Миссиясы мен Хатшылығы басшылығының  жоғары бағасына ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бітімгерлер #Қазақстан #елге оралу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика