AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық бітімгерлер Кенияда озық тәжірибемен...

Қазақстандық бітімгерлер Кенияда озық тәжірибемен танысты

Әлеумет 09.11.2023, 09:18 1,416
Қазақстандық бітімгерлер Кенияда озық тәжірибемен танысты
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Кения астанасы Найробиде өткен Халықаралық бітімгерлік дайындық орталықтары қауымдастығының (IAPTC) 27-ші конференциясына қатысты.


Халықаралық бейбітшілікті қолдау оқу орталығында 80 мемлекеттен бітімгерлік дайындық орталықтары мен халықаралық ұйымдардың 300-ден аса өкілі жиналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Конференция делегаттары күрделі бітімгерлік операцияларға бітімгерлерді дайындаудағы серіктестіктің рөлін талқылады.



«Конференцияға қатысу бітімгерлік қызмет саласындағы ағымдағы үрдістермен және талаптармен танысуға, жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Қолдағы бар мәліметтерді ескере отырып, біз ұлттық бітімгерлік контингентін даярлау бағдарламасын уақтылы бейімдей аламыз», – деді Бітімгерлік дайындық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин. 



Бұл шара бірінші кезекте бітімгерлік әлеуетті арттыруға, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің және төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға мүдделі жергілікті билік өкілдерінің стратегиялық ынтымақтастығын бағалауға және оны дамытуға бағытталған.


Бітімгерлік дайындық орталықтарының халықаралық қауымдастығы 1995 жылы құрылғанын айта кету керек. Тренингтер, білім беру бағдарламалары мен зерттеу бастамаларының арқасында бүкіл әлемнің бітімгерлік даярлау орталықтары 190 елден 50 мыңнан астам бітімгерді сәтті дайындады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстандық бітімгерлер #озық тәжірибе #Кения
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында Құрылтай депутаттарының өңір тұрғындарымен кездесулері өтуде

Кеше 20:24

ҚазҰУ-да медиа және ЖИ бойынша халықаралық мектеп басталды

Кеше 19:54

"Заң мен тәртіп": Алматыда қоғамдағы медиацианың рөлін талқылады

Кеше 19:31

Король II Абдалла Президент Тоқаевты марапаттады

Кеше 19:30

Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы халықаралық рейтингте ТОП-10 қатарына енді

Кеше 19:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);