Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық әйелдердің ақшаны қайда және қандай м...

Қазақстандық әйелдердің ақшаны қайда және қандай мақсатпен сақтайтыны белгілі болды

Әлеумет 11.03.2025, 11:44 648
Қазақстандық әйелдердің ақшаны қайда және қандай мақсатпен сақтайтыны белгілі болды
Сурет: Astanatv.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен Маркетинг және социологиялық зерттеулер институты бірлесіп, әйелдердің қаржылық тәртібі туралы қызықты сауалнама жүргізді. Зерттеуге 18 бен 65 жас аралығындағы 1980 әйел қатысқан. Аqshamnews.kz хабарлауынша, зерттеу нәтижелері әйелдердің ақшаны сақтаудағы әдеттері мен мақсаттарын көрсетеді.

Зерттеу қорытындысына сүйенсек, әйелдердің 34%-ы жиған-тергенін банкте сақтайды екен. Бұл салымшылардың басым бөлігі – 81% теңгемен депозит ашуды таңдаған. Ал қалғандары шетел валютасын таңдайды.

Сауалнамаға қатысқан 30 жасқа дейінгі қыздардың 14 пайызы баспана алу үшін, 17 пайызы қаржылық қор жасау үшін және 5 пайызы бизнес ашу үшін ақша жинайтынын мәлімдеген.

Ал 30 жастан асқан әйелдердің 12 пайызы үй сатып алуды жоспарласа, 16 пайызы қаржылық қиындықтардың алдын алу мақсатында ақша жинайтынын көрсеткен.

Зерттеуге қатысқандардың 12 пайызы мүлде банкке ақша салмайды. Олар өз қаржысын бизнеске, жылжымайтын мүлікке, бағалы қағаздарға және бағалы металдарға инвестициялайды.

Зерттеуге қатысқандардың көбі отбасылы және жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі бар әйелдер екен. Олар көбінесе сауда, қызмет көрсету, бизнес және өндіріс, сондай-ақ өнеркәсіп саласында жұмыс істейді. Мамандар зерттеу нәтижелеріне қарап, қазақстандық әйелдердің қаржылық сауатының артып келе жатқанын атап өтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚаржылықСауат #әйелдер #Қазақстан #депозиттер #Инвестициялар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика