Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанды 265 адам мен 301 босқын паналап жүр

Қазақстанды 265 адам мен 301 босқын паналап жүр

Әлеумет 25.04.2025, 10:26 643
Қазақстанды 265 адам мен 301 босқын паналап жүр
Сурет: Gov.kz

Республика аумағында заңды түрде пана алған барлық шетелдіктер Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы «Босқындар мәртебесі туралы» конвенциясына ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алды.

Қазақстан аумағындағы пана іздеушілер мен босқындардың құқықтық жағдайына орай туындаған қоғамдық қатынастары босқындар құқығы саласындағы халықаралық заңнама қағидаттарына негізделіп қабылданған «Босқындар туралы» Заңмен реттеледі. Бұл қағидаттар атап айтқанда: жер аударылмау, босқын мәртебесін берудің ашықтығы мен қолжетімділігі, кемсітпеушілік, ақпараттың құпиялылығы, отбасының бірлігі және босқындардың балаларының құқықтарын қорғау секілді мәселелерді қамтиды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда пана іздеген 265 адам және 301 босқын өмір сүруде. Олардың көпшілігі Алматы қаласы мен Алматы облысында тұрады.

Біздің Республикамыздағы пана іздеушілер мен босқындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Сонымен бірге босқындар мен пана іздеушілер еңбек бостандығы мен кәсіпкерлік қызметке де құқылы болады. Олардың елімізде болатын басқа шетелдіктерден айырмашылығы, оларға еңбек қызметін жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу талап етілмейді.

Қазақстан заңнамасы барлық балалардың, оның ішінде босқындар мен баспана іздеп жүрген адамдардың балаларының тегін негізде мектепке дейінгі, бастауыш, жалпы орта білім алуға, сондай-ақ конкурстық негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығын қамтамасыз етеді.

Босқындар Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және тұрақтап қалуға өтініш жасауға құқылы. Құжаттарды тапсыру кезінде оларға шыққан елінде сотталмағандығы туралы анықтама ұсыну талап етілмейді.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #пана #босқындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика