AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы кәсіби қабылдаушы отбасыларға қаржыл...

Қазақстандағы кәсіби қабылдаушы отбасыларға қаржылай көмек көрсетіледі: ата-аналарға – 70 АЕК, балаға – 10 АЕК

Әлеумет 25.02.2025, 12:45 659 dulatbekova
Қазақстандағы кәсіби қабылдаушы отбасыларға қаржылай көмек көрсетіледі: ата-аналарға – 70 АЕК, балаға – 10 АЕК
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жетім балаларды отбасына орналастыру жүйесін дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Ұлттық асырап алу агенттігі» жобасы аясында қабылдаушы отбасыларға қажетті қолдау мен кеңестер беріледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Бұл туралы «Ұлттық асырап алу агенттігінің» жобалық жетекшісі Фарида Рахметова Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында айтты.

«Ұлттық асырап алу агенттігі қабылдаушы отбасыларды кәсіби даярлау және қолдау жұмыстарымен айналысады. Біздің басты мақсатымыз – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір балаға отбасында өмір сүруге мүмкіндік беру», – деп атап өтті Фарида Рахметова.

2016 жылдан бастап 18 248 азамат консультациядан өтті, олардың 6 172-сі Қабылдаушы ата-аналар мектебінде арнайы дайындықтан өткен. Нәтижесінде 1 988 бала өз отбасын тауып, 1 335 қазақстандық отбасы оларды қамқорлығына алды. Алматы бойынша бұл көрсеткіштер келесідей: 2 285 адам кеңес алған, 818 адам арнайы оқытылған, 158 бала жаңа отбасына орналастырылған.

Жаңа формат – кәсіби қабылдаушы отбасыларды енгізуге ерекше назар аударылуда. Дәстүрлі қабылдаушы отбасылардан айырмашылығы, фостерлік ата-аналар тереңдетілген даярлықтан өтіп, кәсіби деңгейде жұмыс істейді. Олардың қызметі жаңа заңнамамен реттеледі және мемлекет тарапынан қаржылай қолдау қарастырылған.

«Қабылдаушы кәсіби ата-аналар әртүрлі диагностикадан өтіп, психологиялық дайындықтан және оқытудан өтеді. Біз бұл отбасыларды бала тәрбиелеу барысында толық қолдап, туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін жүйелі түрде бақылау жүргіземіз», – деп түсіндірді «Ана үйі» қорының психолог қызметінің жетекшісі Лаура Акатаева.

Өз кезегінде Фарида Рахметова кәсіби қабылдаушы отбасыларға қаржылық қолдау әр ата-анаға 70 АЕК және баланы асырауға 10 АЕК құрайтынын атап өтті. Сонымен қатар, бұл жүйе қорғаншылық және қамқоршылық органдары тарапынан тұрақты бақылауды көздейді. Ата-аналар әр жарты жыл сайын баланың денсаулығы мен дамуы туралы есеп беруге міндеттеледі, ал мамандар бұл отбасылармен тығыз жұмыс істеуді жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жетім балалар #отбасына орналастыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);