Қазақстандағы базарлардан 3,8 тоннадан астам қауіпті өнім шығарылды

Қазақстандағы базарлардан 3,8 тоннадан астам қауіпті өнім шығарылды Inform.kz

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 9 айында елдің нарығында сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Биылдың 9 айында мониторинг аясында 22175-тен астам тамақ өнімдерінің сынамалары зерттелді, олардың 2537-сі (11,4%) техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермеді.



Таңбалау ережелерінің сақталмауы - 70%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 16,1%, таңбалауда мәлімделген өнімнің көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік (жалған өнімнің болуы) немесе тұтынушыны жаңылыстыратын көрсеткіштер бойынша – 14 пайызды құрады» , - деп хабарлады ведомстводан .



Комитетте атап өткендей, сәйкессіздіктердің ең көп саны ет өнімдерінде – 14,5%, құс етінде – 25,1%, балықта - 12%, май өнімдерінде – 4,3%, сүт өнімдерінде – 10,3%, кондитерлік өнімдерде – 9,9%, нан-тоқаш өнімдерінде – 0,8 %, жеміс-көкөніс өнімдерінде – 3,1%, қапталған ауыз суда, оның ішінде минералды суда – 0,3 %, шырын өнімдерінде – 1,9 %, алкоголь өнімдерінде – 1,1 %, алкогольсіз сусындар - 4,5 %, арнайы тамақ өнімдері – 5,5 %, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) - 0,9% және өзге де тамақ өнімдері -10,3%-ын құрады. Белгілі болғандай, талаптарды бұзудың негізгі үлесі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімдерде – 55,4 %, басқа елдерден 21,8% анықталды. Отандық өндірушілердің белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімі 22% құрады.



«Анықталған барлық фактілері бойынша 1246 ұйғарым берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 20 іс қозғалды, 6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 3,8 тоннадан астам қауіпті өнім сатылымнан алынды», - делінген комитет мәліметінде.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:59

08:55

08:51

18:54

18:46

18:32

18:12

17:47

17:10

16:32

15:30

15:25

15:18

15:05

14:44

14:31

14:24

14:17

14:11

14:10

14:03

13:41

13:10

12:55

12:38