конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда вакциналау бойынша жүргізілетін рейдте...

Қазақстанда вакциналау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды

Әлеумет 09.09.2021, 09:16 960
Қазақстанда вакциналау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды
Сурет: Linkedin.com

Рейд барысында екпенің бірінші компонентімен вакциналаудан өткендігін тексереді.


Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның  отырысы өтті, онда вакциналау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алгоритмді Денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар және «Атамекен» ҰКП әзірледі.


Рейд барысында мониторингтік топ бұрын анықталған бұзушылықтардан бөлек, кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19 вирусына қарсы екпенің бірінші компонентімен вакциналаудан өткендігін тексереді.


Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және ұжымдағы адамдардың 60%-дан азы COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен егілген кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакциналау картасы негізінде жасалады.


МТ рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электрондық платформасында жүзеге асырылады.


МТ объектіге шығу кезінде жұмыс беруші екпе алған және вакцинациялаудан босату туралы құжаттары бар қызметкерлерді (7 күннен аспайтын мерзімдегі ПТР-зерттеулер, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдар) көрсете отырып, толық тізім (аты-жөні, ЖСН) ұсынады.


МТ іріктемелі түрде (қызметкерлер саны 50-ден 200 адамға дейін – қызметкерлердің кемінде 10%-ы, 201-ден 500-ге дейін-кемінде 5%, 501-ден 1000-ға дейін-кемінде 3%, 1000-нан жоғары-кемінде 1%) "ASHYQ" қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін тексереді және жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстырып тексереді.


«Жасылдан» басқа мәртебесі бар қызметкерлер анықталған жағдайда, оның вакцинасыз жұмыс орнында болу құқығын беретін ақпарат (анықтама) сұратылады (мерзімі 7 күннен аспайтын ПТР-тестілеу нәтижесі, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 індетінен жазылған адамдар).


Вакцинация тәртібінің бұзылғаны расталған жағдайда МТ нақты осы тұлғаларды көрсете отырып материалдар қалыптастырады және кейіннен шешім қабылдау үшін СЭС органдарына жібереді. Кәсіпорынға (басшыға не өзге уәкілетті тұлғаға) вакциналанбаған жұмыскерлерді қызмет объектісіне жіберуді шектеу қажеттілігі түсіндіріледі.


Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары МТ-тан келіп түскен материалдардың негізінде объектіге санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы қаулы береді (жолдайды).


МТ қаулыда белгіленген мерзім ішінде қызметкерлерді жұмыс орындарына негізсіз жіберу фактілерін қайта анықтаған кезде жұмыс берушіні ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.


Жергілікті атқарушы органдар объектілерге әкімшілік шараларды қолдану нәтижелері бойынша объектінің Ashyq жобасына қатысуын тоқтата тұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #кви #COVID-19
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Бүгін 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Бүгін 20:40

Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді

Бүгін 20:37

ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 20:34

Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);