Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады

Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады видеодан алынды

Еліміздегі Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Жаңа әуежайлар курорттық аймақтардың туристік әлеуетін арттыру мақсатында салынбақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz

– «Авиациялық инфрақұрылымы бар ұшу-қону жолақтарының құрылысы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі аймақтарында жүзеге асады. Бұл танымал демалыс орындарының туристік тартымдылығын айтарлықтай арттырады», – деді Бектенов.

Сонымен қатар, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мақсатында Ақтауда әуе хабын құру жобасы қарастырылуда. Теміржол инфрақұрылымы бойынша маңызды жобалар қатарында:

«Мойынты – Қызылжар» теміржол желісінің құрылысы;
«Алтынкөл – Жетіген» учаскесінің екінші жолдарының салынуы.
Бұдан бөлек, биыл «Достық – Мойынты» теміржолы мен Алматы қаласының айналма жолының құрылысы аяқталуы жоспарланып отыр.

Бұл жобалар елдің инфрақұрылымын дамытып, туризм мен логистика салаларының әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:27

16:10

15:21

14:09

13:21

12:04

11:36

11:04

10:37

10:10

09:32

09:21

09:02

21:53

18:01

17:48

17:28

17:12

16:59

16:42

16:29

16:16

16:02

15:45

15:32