Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары өтеді

Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары өтеді

Әлем 14.02.2026, 11:31 229
 Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары өтеді
Kazinform, wikipedia.org, midjourney

ҰҚШҰ Біріккен штаб бастығы, генерал-полковник Андрей Сердюковтің мәлімдеуінше, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) оқу-жаттығулары 2026 жылы ұйымға мүше бірнеше елдерде, соның ішінде Қазақстанда да өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, 2026 жылы бірлескен және шұғыл даярлық бойынша 60 іс-шара, оның ішінде сегіз командалық-штабтық және арнайы оқу-жаттығуларды өткізу жоспарланып отыр.

"Қыркүйек айында Қазақстан Республикасының аумағында "Рубеж" Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштерінің бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу өткізілмек. Қыркүйек-қазан айларында Ресей Федерациясында "Поиск" ұжымдық жедел әрекет ету күштері мен барлау құралдарын тарта отырып, "Эшелон материалдық-техникалық қамсыздандыру бойынша "Өзара әрекеттесу" командалық-штабтық жаттығулар жүреді. Қазан айында Тәжікстан Республикасының аумағында "Кобальт" арнайы оқу-жаттығуы және "Скала" арнайы оқу-жаттығуы өтеді, - деді спикер.

Сонымен қатар, Беларус елінде "Мызғымас бауырластық" бітімгершілік күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығу және "Тосқауыл" радиациялық-химиялық, биологиялық қорғаныс және медициналық қамтамасыз ету күштерімен бірлесе арнайы оқу-жаттығу өтеді.

Сердюков стратегиялық командалық-штабтық жаттығу кезінде бірлескен жаттығуларға тартылатын ұжымдық күштердің барлық компоненттерін қолдану мәселелері пысықталатынын да нақтылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚШҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика