AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда үй жануарларын міндетті есепке алу енг...

Қазақстанда үй жануарларын міндетті есепке алу енгізіледі

Әлеумет 08.10.2021, 08:18 1,217
Қазақстанда үй жануарларын міндетті есепке алу енгізіледі
u-f.ru

Қазақстанда үй жануарларын міндетті есепке алу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Заң жобасы (Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы) үй жануарлары иелерінің қаражаты есебінен ақылы негізде есепке алу құралын қолдану арқылы үй жануарларын міндетті есепке алуды енгізеді. Оны жоспарлы іске асыру және үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ олардың иелеріне біржолғы жаппай жүктемені болдырмау мақсатында заң жобасында үй жануарларын міндетті есепке алуды кейінге қалдыру нормасы көзделген. Үй жануарларын міндетті есепке алу 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның атап өтуінше, жануарларды ұстау саласында «қоғамдық инспекторлар» ұғымын енгізу де ұсынылады. Ал жануарларға қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізудің неғұрлым егжей-тегжейлі тәртібін уәкілетті орган айқындайды.



«Жергілікті атқарушы органдарға жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге, жануарларды иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге және үй жануарларын биостерилизациялау қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру құзыреті беріледі», - деді ол.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #үйжануарлары #есепкеалу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында кім тұрады?

Бүгін 10:05

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жалғасып келеді

Бүгін 10:04

Made in Almaty: Алматы өнімдері халықаралық нарықта танылып келеді

Бүгін 09:44

Алматылық құтқарушылар терезеден құлап кетуі мүмкін баланы аман алып қалды

Бүгін 09:10

Бірнеше өңірге ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін 08:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);