AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда теміржол желісін жөндеу жұмыстары жалғ...

Қазақстанда теміржол желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда

Әлеумет Бүгін 16:57 50
Қазақстанда теміржол желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда
gov.kz

Елімізде 2026 жылдың 8 айында 1 056 шақырым теміржол жолы жөнделді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жалпы, ағымдағы жылы 1 577 шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарланған. Бірқатар учаскелерде жұмыстар жалғасуда.

Іс-шаралар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында көлік саласын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама теміржол инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңартуға, теміржол желісінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бағдарлама аясында Бейнеу – Маңғыстау және Павлодар – Семей учаскелеріндегі жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ Көкпекті – Қарағайлы, Атасу – Қаражал, Жамбыл – Жаңатас және Қарабұлақ – Текелі аз қарқынды учаскелерінде 83 шақырым теміржол жолы сауықтырылды.

2026 жылдың соңына дейін Семей – Аягөз және Мақат – Бейнеу – Маңғыстау учаскелеріндегі жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Өзенкі – Қандыағаш, Астана – Алматы, Астана – Тобыл, Көкшетау – Қостанай, Арыс – Шеңгелді бағыттарында және теміржол желісінің басқа да учаскелерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жалпы, 2023–2029 жылдар аралығында елімізде 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарланған. Бағдарламаны іске асырудың алғашқы үш жылында, яғни 2023–2025 жылдары, жоспарланған 4 353 шақырым көрсеткішінен жоғары, яғни 4 448 шақырым жол жаңартылды. Осылайша, жоспар 95 шақырымға артығымен орындалды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар теміржол желісінің техникалық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 1,9 мың шақырым учаскелерде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығы артты. Жөндеу жұмыстары жүргізілген учаскелерде жолдың балдық бағалануы «жақсы» және «өте жақсы» санаттарына сәйкес келеді.

Теміржол инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңарту желінің сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға, жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Теміржол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

Бүгін 17:26

Алматының Түрксіб ауданында «Оқитын ұлт» бастамасы аясында заманауи кітапхана ашылды

Бүгін 17:01

Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады

Бүгін 16:53

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

Бүгін 16:31

ҚАЗСТА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СТУДЕНТТЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);