AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда су үнемделетін алқаптар көлемі үш есег...

Қазақстанда су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті

Экономика Бүгін 09:26 36
Қазақстанда су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті
Gov.kz

Су үнемдеу технологиялары суармалы жерлердің 36%-ын қамтиды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін су ресурстарын үнемдеу және заманауи суару технологияларын кеңінен енгізу міндеттерін айқындады. Үкімет су ресурстарына түсетін жүктеменің артуына байланысты аграрлық секторда суды пайдалану тәсілдерін кезең-кезеңімен жетілдіріп, су ысырабының алдын алуға және суару тиімділігін арттыруға басымдық беріп келеді. Сонымен бір мезгілде шаруаларды қолдау шаралары күшейтіліп, ирригациялық инфрақұрылымдар жаңғыртылып, жабдықтардың отандық өндірісі дамуда.

Су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті

Егер 2023 жылы заманауи суару жүйелері 237,1 мың гектар алқапта қолданылса, 2026 жылғы 1 қыркүйекте бұл көрсеткіш  702,3 мың гектарға жетті. Бұл – еліміздегі суармалы жердің 36%-ы. Тек 2026 жылдың басынан бері су үнемдеу технологиялары қосымша 158,8 мың гектарға енгізілді.

Тамшылатып суару алқабы шамамен алты есеге артты

Тамшылатып суару алқабының көлемі 2023 жылғы 42,5 мың гектардан биыл 254,3 мың гектарға дейін өсті. Сол кезеңде жаңбырлатып суару алқабы 188,3 мыңнан 379 мың гектарға дейін екі есеге артты.

2030 жылға қарай жыл сайын 2,2 млрд текше метр суды үнемдеу жоспарлануда

2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын қолдану аумағын 1,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл жыл сайын 2,2 млрд текше метр суды немесе суару үшін пайдаланылатын су көлемінің 30%-на дейін үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Суды үнемдеу технологиялары суармалы егіншілік дамыған аймақтарда қарқынды енгізілуде

Биыл заманауи суару жүйелерімен қосымша қамтылған 158,8 мың гектардың шамамен 50 мың гектары Түркістан облысына тиесілі болып отыр. Алматы облысында бұл көрсеткіш 25,5 мың га, Қызылорда облысында 19,2 мың га, Жетісу облысында 11,8 мың га, Жамбыл облысында 10,2 мың га құрады.

Су үнемдеу технологияларын мемлекеттік қолдау артып келеді

Мұндай жүйелерді сатып алу және орнату шығындарын өтеу үлесі 60%-дан 80%-ға дейін, ал оларды пайдаланған кезде суару суының құнын субсидиялау көлемі 50%-дан 85%-ға дейін ұлғайтылды. 2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын инвестициялық субсидиялауға 214,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда шамамен төрт есе көп.

Отандық зауыттар саны төрттен жетіге дейін өсті

Екі жылда осы сегменттегі отандық кәсіпорындардың саны төрттен жетіге дейін өсті. Олардың жиынтық өндірістік қуаты жылына 3 390 жаңбырлатқыш машинаны құрайды. Бұл шамамен 205 мың га жерді суаруға жеткілікті. Еліміздің жыл сайынғы ішкі қажеттілігі 1000-1200 машина болған жағдайда, қазіргі өндіріс көлемі шаруалардың сұранысын жалпы алғанда толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Су үнемдейтін суару жүйелерін кеңінен қолдану су ресурстарын сақтауға, суару кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, сонымен бірге отандық жабдық өндірісінің дамуын ынталандырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темекі өнімдерін таңбалау тарифі төмендетіледі

Бүгін 10:09

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 09:18

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Бүгін 09:11

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Кеше 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);