Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдеріне...

Қазақстанда цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдеріне айыппұл салынады

Әлеумет 11.08.2022, 16:00 1,106
Қазақстанда цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдеріне айыппұл салынады
Сурет: Inform.kz

Темекі өнімдерінің айналымы сәйкестендіру құралдары болған кезде ғана мүмкін болады


Темекі өнімдерін цифрлық таңбалау 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, қағаз акциздік маркалардың күшін жоюға байланысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдері тек сәйкестендіру құралдарымен таңбаланатыны белгілі.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен міндетті таңбалауға жататын темекі өнімдері түрлерінің нақты тізбесі (сигареттер, сигариллалар, сигаралар, стиктер, кальян темекісі және т.б.) бекітілді.


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, темекі өнімдерінің айналымы сәйкестендіру құралдары болған кезде ғана мүмкін болады.


Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінде енді темекі өнімдерінің барлық түрлерінде цифрлық таңбалаудың (сәйкестендіру құралдарының) болмағаны үшін мемлекеттік кірістер органдары темекі өнімдерін тәркілей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.


Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлы таңба болмаған жағдайда қандай айыппұлдар қарастырылатынын да айтты:
Толысылған шарап, сыра қайнату өнімін, есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен қоспағанда, алкоголь өнімін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу
Толысылған шарап, сыра қайнату өнімін, есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының алкоголь өнімін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Акцизделетін өнімді сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен және сәйкестендіру құралдарымен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы, – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Жыл басынан бастап (2022 жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша) Қазақстан Республикасының аумағына контрабандалық жолмен әкелініп, сатылмақшы болған темекі өнімдерінің 22,5 млн қорабы анықталып, тәркіленген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#темекі #таңба #акциз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика