Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда сатылатын ойыншықтардың 43 пайызы тала...

Қазақстанда сатылатын ойыншықтардың 43 пайызы талапқа сай емес

Әлеумет 10.04.2022, 12:00 1,325
Қазақстанда сатылатын ойыншықтардың 43 пайызы талапқа сай емес
Cурет: pixabay.com

Ойыншықтар ең алдымен заң бойынша қауіпсіз болуы керек


Қазақстанда сатылатын ойыншықтардың 43,5% санитарлық және басқа да талаптарға сай емес болып шықты. Осы ретте еліміздің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті ата-аналарды балаларына ойыншық сатып алуда ойыншықтың талапқа сай болуын қадағалау керектігін ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті елімізде саудаланатын ойыншықтардың сапасы мен олардың тиісті талаптарға сай болуына ұдайы мониторинг жүргізіп отыр.


Мысалы биылғы жылдың 2 айында санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері республика бойынша 397 ойыншық үлгісін іріктеп алып, зерттеген. Нәтижесінде іріктелген ойыншықтардың 173-і талапқа сай емес болып шықты.



«Бұл саудадағы жалпы ойыншықтардың 43,5%-ы. Оның ішінде, отандық ойыншықтар (0,5%), ЕАЭО - ға мүше мемлекеттер өндірген ойыншықтар - 16 (9,2%), басқа елдердікі 156 (90,1%)», - дейді мамандар.



Оның ішінде:
1. Таңбалауға қатысты 100%,
2. органолептикалық көрсеткіштер бойынша - 3,4%,
3. санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша - 8% (ойыншықтың құрамында Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды).



«Балаларға қауіпсіз емес тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді»,-делінген комитет өкілдері таратқан ақпаратта.



Сондай-ақ онда сауда кәсіпорындарында екі айда сатудан 3,6 кг ойыншық алынғаны айтылған.



«Ойыншықтарды әркім өз қалауымен таңдайды. Біреу белгілі бір өндіруші компанияға, басқалары бағаға, ал ендігіберуілері сыртқы келбетіне назар аударады. Алайда, сатып алу кезінде барлық ата-ана сатушылардан бірдей қуыршақтардың немесе ойыншық машиналардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етпейді. Ал балалар ойыншықтары ең алдымен заң бойынша қауіпсіз болуы керек. Ойыншықтарды біздің еліміздің аумағында сатпас бұрын Кеден одағының «ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіндегі қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек»,-дейді мамандар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ойыншық #Талап #Қауіпті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика