конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда «Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгіз...

Қазақстанда «Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізіледі

Әлеумет 19.01.2022, 11:21 1,872
Қазақстанда «Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізіледі
Сурет: Ult.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, бұған дейін партиялық тізімдерде әйелдер мен жастардың 30 пайыздық квотасын сақтау туралы норма енгізілген болатын. Осыдан кейін Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға заңнамалық қызметке қатысуға жағдай жасауды тапсырды.



«Осы тапсырманы іске асыру мақсатында "Сайлау туралы" Конституциялық заңға енгізілетін өзгерістер әзірленді. Оған сәйкес, әйелдер, 29 жасқа толмаған және мүгедек адамдар үшін 30 пайыздық квотадан бөлек, Мәжілісте депутаттық мандаттарды бөлу кезінде оларды есепке алу қажеттілігі бекітіледі», - деді Мусин.



Депутаттар бұрынғы әріптесіне бірнеше сұрақ қойды. Жанарбек Әшімжан кандидаттарды ұсыну кезінде квотаның сақталатынын, ал тізімді бекіткенде, ондай міндетті қалай орындау қажеттігін сұрады. Министр Мусиннің айутынша, кандидаттарды тіркеу квотасы қатаң сақталуы қажет. Ал әрбір саяси партия кімге қанша орын берілетінін өзі шешеді.



«Ұсынылып отырған Конституциялық заң жобасы нысаналы топтармен әртүрлі алаңдарда қаралды. Жалпы алғанда, бұл түзетулер әйелдердің, жастардың, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың еліміздің заң шығару органында өкілдігін кеңейту үшін маңызды қадам болып саналатынын атап өткен жөн. Бұл заңдардың сапасына сөзсіз әсер етеді», - деді Әділет министрі.



Тізімде квоталық кандидаттардың саны одан көп болуы да мүмкін.


Басқа депутаттар 30 пайыздық квотада әйелдер, жастар мен мүгедектердің нақты үлесін бекітуді ұсынды. Себебі ондай тәжірибе шетелде бар. Әділет министрі ондай қажеттілік жоқ деп санайды. Өйткені әрбір партия өз мақсаттары мен жоспарына қарай квоталық орындарын реттеп отырады.


Мәжіліс "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңның жобасын мақұлады. Осыған байланысты Саяси партиялар туралы" заңға да өзгеріс енгізілді. Екі құжат Сенатқа жолданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайлау туралы #заң #өзгерістер #толықтырулар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берудің басталу және аяқталу уақыты өзгертілген учаскелердің тізімі

Кеше 19:22

Сайлаушыларды дауыс берудің уақыты мен орны туралы хабардар ету

Кеше 19:04

Орал қаласында Құтқарушылар аллеясы ашылды

Кеше 18:00

Алматыда LRT желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр

Кеше 17:18

Қазақша минимализм: саналы өмір салтының жаңа парадигмасы

Кеше 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);