AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / ЖЕЛТОҚСАН РУХЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА

ЖЕЛТОҚСАН РУХЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА

Алматы Бүгін 12:49 30
ЖЕЛТОҚСАН РУХЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА

Ербол Сыпатаевтың ерлігіне тағзым: Алматыдан Жаркентке дейінгі тағылымды экспедиция

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – Қазақстанның тәуелсіздікке ұмтылған тарихындағы өшпес із қалдырған кезең. Сол күндері ел намысы мен азаттығы үшін алаңға шыққан жастардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа аманат. Осы тарихи жадыны жаңғыртып, Желтоқсан қаһармандарының есімін ұлықтау мақсатында 2026 жылғы 21 қарашада «Ер есімі – ел есінде» атты Алматы – Жаркент – Көктал – Алматы бағытындағы экспедиция ұйымдастырылды.

Іс-шара «Қайсар Жүрек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған жоба» аясында өтті. Экспедицияға «Қайсар Жүрек» қоғамдық қорының, «Тәуелсіздік-Желтоқсан» және «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ Ғұмарбек Даукеев атындағы Энергетика және байланыс университетінің тарихшы ұстаздары – барлығы 20 адам қатысты.

Экспедицияның негізгі мақсаты – Желтоқсан оқиғасының қаһармандары Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевтың рухына тағзым ету, олардың ерлігін жас ұрпаққа кеңінен таныту және тарихи сабақтастықты нығайту болды. Жаркент қаласында орналасқан ескерткішке гүл шоқтары қойылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Ескерткіш алаңы мемлекеттік тулармен және тақырыптық баннерлермен безендірілді.

Тағзым рәсіміне Панфилов ауданы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жомарт Қонысбаев, Талды ауылдық округінің әкімі Қуандық Аршинов, Ербол Сыпатаев атындағы орта мектептің директоры Ерназар Байсеркеев және Алматыдан келген Желтоқсан ардагерлері қатысты. Жергілікті өкілдердің қатысуы бұл кездесудің өңір үшін де, тарихи жадыны сақтау үшін де маңызы зор екенін көрсетті.

Экспедиция мүшелері Еңбекші ауылында Ербол Сыпатаевтың зиратына барып, марқұмның рухына Құран бағыштады. Бұл сәт қатысушылар үшін терең тағзым мен еске алу рәсіміне айналды.

Сапардың маңызды бөлігі Ербол Сыпатаев атындағы мектепте өткен оқушылармен кездесу болды. Мектеп оқушылары қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынып, өлең оқып, күй тартып, ән орындады. Кездесу барысында Ғұмарбек Даукеев атындағы Энергетика және байланыс университетінің тарих пәнінің мұғалімі Болат Кабдушев пен «Қайсар Жүрек» қоғамдық қорының директоры Шара Ергебаева Ербол Сыпатаевтың өмірі мен ерлігі туралы әңгімеледі.

Талды ауылдық округінің әкімі Қуандық Аршинов пен мектеп директоры Ерназар Байсеркеев Желтоқсан ардагерлеріне арнап құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығы қарсаңында олардың тарихи еңбегіне алғыс білдірді.

Қатысушылар Ербол Сыпатаев атындағы музейді аралап, батырдың өмірі мен Желтоқсан оқиғасына қатысты жәдігерлермен танысты. «Қайсар Жүрек» қоғамдық қоры музей қорына кітаптар мен тарихи хроникалық фотосуреттерді табыстады. Бұл материалдар өскелең ұрпақтың тарихи білімін толықтыруға және естелікті келер буынға жеткізуге қызмет етеді.

Экспедиция аясында Жаркент мешітіне, Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет музейіне және Киеліағаш табиғи қорығына экскурсия ұйымдастырылды. Бағдарлама тарихи-танымдық мазмұнмен қатар, өңірдің мәдени және рухани мұрасымен танысуға мүмкіндік берді.

«Ер есімі – ел есінде» экспедициясы – өткенге тағзым етумен шектелмейтін, тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі ұмытылмай, олардың есімі жас ұрпақтың жадында сақталуы тиіс. Тәуелсіздіктің қадірін ұғыну – сол жолда күрескен азаматтардың өнегесін танудан басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#желтоқсан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданында өрттен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр

Бүгін 13:00

Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

Бүгін 12:54

«Ұмытылмас Желтоқсан»: Алматыда жастар Желтоқсан ардагерлерімен кездесті

Бүгін 12:43

ЖЕЛТОҚСАН РУХЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Бүгін 12:37

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында: «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуы үшін жаңа негіз қалайды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);