AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық...

Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

Мәдениет Бүгін 12:54 26
Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Биылғы 26 қарашада Түркістан қаласында еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында «Dialogue of Cultures: Мәдениеттер диалогы 2026» II халықаралық симпозиумы өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Түркістан облысының әкімдігімен, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен, БҰҰ Даму бағдарламасымен (UNDP), БҰҰ Балалар қорымен (UNICEF), БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен (UNFPA), «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен (UN Women), Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігімен, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетімен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен, Халықаралық туризм және меймандостық университетімен және «ECOJER» қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Халықаралық алаң шет мемлекеттердің конституциялық бақылау органдарының, Құрылтай депутаттарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосты.

Ұлттық тарихи мұраны, құқық философиясын, білім мен ғылымды және халықаралық құқықтық стандарттарды зерделеу арқылы құқықтық мәдениет пен заманауи конституционализмді дамыту симпозиумның басты тақырыбына айналды.

Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин симпозиум қатысушыларына құттықтау үндеуін жолдады. Ол симпозиумның Егемендікпен қатар басты конституциялық құндылық болып табылатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Жаңа халықтық Конституцияда Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының қатарына жатқызылған. Вице-Президент Конституцияның Ата Заң ғана емес, адам, қоғам және мемлекет арасындағы қоғамдық келісім екенін де атап өтті. Конституция нормаларының толыққанды іске асырылуы азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейіне, заңды құрметтеуіне және конституциялық қағидаттарды дәйекті түрде сақтауына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы Айбек Дәдебай симпозиум қатысушыларына жолдаған құттықтауында конституциялық құндылықтарды заңнамалық тұрғыдан бекіту, қоғам мүдделерін қамтамасыз ету және мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогті дамыту бағытындағы өкілді органның міндеттерін атап өтті.

Пленарлық отырысты ашқан Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова симпозиумның Конституция үстемдігі мәдениетін нығайтуға бағытталған, 2025 жылы бастау алған халықаралық кәсіби диалогтің жалғасы екенін атап өтті. «Конституция мемлекеттің құндылық бағдарларын айқындайды, мәдениет олардың қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне айналуына ықпал етеді, ал азаматтық жауапкершілік оларды нақты істер мен іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырады», – деді Эльвира Азимова.

Қатысушылар құқық пен мәдениетті жақындастыруда «Заң мен Тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» конституциялық бағдарларының ерекше рөлін атап өтіп, оларды қоғамның күнделікті өмірінде іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров түрлі өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан орталық ретінде Түркістанның тарихи және рухани маңызын атап өтіп, өңірдің халықаралық ғылыми және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтудағы мүмкіндіктеріне тоқталды.

Симпозиум қатысушыларына БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Құрылтайы мен мемлекеттік органдарының, Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстан конституциялық соттарының, Еуразиялық экономикалық одақ Сотының, БҰҰ Даму бағдарламасының (UNDP), БҰҰ Балалар қорының (UNICEF), БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (UNFPA), «БҰҰ-әйелдер» құрылымының, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің, Фридрих Эберт атындағы қордың, дипломатиялық корпус пен ғылыми-академиялық қоғамдастықтың, сондай-ақ Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Maqsut Narikbayev University, Caspian University, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының, Любляна университетінің (Словения), Оснабрюк университетінің (Германия), Вильнюс университетінің (Литва), Анкара Хажы Байрам Вели университетінің, Хажеттепе университетінің, Эскишехир Османгази университетінің (Түркия), Ош мемлекеттік университетінің, К.Ш. Токтомаматов атындағы халықаралық университеттің (Қырғызстан), Стоуни-Брук университетінің (АҚШ), Имам Бұхари атындағы халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының (Өзбекстан) өкілдері белсенді қатысты.

Симпозиум жұмысына БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі Акмал Саидов, БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінің мүшесі Мадина Жарбосынова және Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева да қатысты.

Симпозиум аясында конституциялық құндылықтар мен мемлекеттілікті нығайту, құқық үстемдігі мен сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, бизнес саласында адам құқықтарын қорғау, орнықты даму, әлеуметтік саясат, отбасылық құндылықтар мен ұрпақтар жауапкершілігі мәселелеріне арналған тақырыптық сараптамалық сессиялар, қонақ дәрістері және практикалық семинарлар өткізілді.

Симпозиум халықаралық кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және конституциялық құндылықтар құқықтық институттарда ғана емес, қоғамдық санада, мәдени дәстүрлерде және азаматтардың күнделікті өмірінде де көрініс табатын құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#симпозиум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай бірлескен энергетикалық зерттеу орталығын құрады

Бүгін 13:05

Алматының Бостандық ауданында өрттен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр

Бүгін 13:00

ЖЕЛТОҚСАН РУХЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА

Бүгін 12:49

«Ұмытылмас Желтоқсан»: Алматыда жастар Желтоқсан ардагерлерімен кездесті

Бүгін 12:43

ЖЕЛТОҚСАН РУХЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Бүгін 12:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);