Қазақстанда қашықтан оқыту енгізілмейді

Қазақстанда қашықтан оқыту енгізілмейді cdo.ippkrudn.ru

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңір «қызыл» аймаққа кірген жағдайда, білім беру саласында енгізілетін шектеулер жайында айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Біріншіден, бұл – санитарлық зарарсыздандыруды күшейту, тазалық жүргізу жиілігін арттыру, кабинеттерді желдету, ауаны зарарсыздандыру. Сонымен қатар кіре берісте сүзгі орнатып, педагогтер мен қызметкерлердің дене қызуын өлшеу қолға алынады», - деді Айжан Есмағамбетов 24.kz телеарнасына берген сұхбатында.



Оның атап өтуінше, қашықтан оқыту форматы енгізілмейді. Дегенмен, «қызыл» аймаққа түскен өңірлерде мәдени, тәрбие іс-шараларын, сынып және ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады.



«Балабақшаларда топтарды біріктіру арқылы өткізілетін іс-шараларға тыйым енгізіледі. Мектептерде жоғары, орта және төменгі сынып оқушыларын бөлектеу жүргізілуі мүмкін. Бұл олардың мүмкіндігінше бір-бірімен кездеспеуі үшін жасалады. Естеріңізде болса, бастауыш және жоғары сыныптар үшін бөлек кіре беріс ұйымдастырған едік», - деді бас санитар дәрігер.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:52

17:50

17:33

17:25

17:10

17:00

16:50

16:24

16:16

16:03

15:43

15:38

15:27

15:16

15:15

14:58

14:44

14:29

14:25

14:11

13:46

12:51

12:35

12:17

12:09