конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда қант диабетімен сырқаттану көрсеткіші...

Қазақстанда қант диабетімен сырқаттану көрсеткіші төмендеді

Медицина 30.05.2026, 15:05 297 Дина
Қазақстанда қант диабетімен сырқаттану көрсеткіші төмендеді

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы тоқсанында қант диабетінің І және ІІ түрлері бойынша сырқаттану деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмендеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы алғашқы тоқсанда қант диабетімен сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 308,7 жағдайды құраған. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 313,5 болған.

Ведомство мұны эндокринологиялық қызметтің күшеюімен және алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде профилактикалық жұмыстардың жандануы нәтижесінде мүмкін болғанын айтады.

Қазір өңірлерде эндокриндік ауруларды анықтау, емдеу және алдын алумен айналысатын құзырет орталықтары ашылып жатыр. Сонымен қатар мамандандырылған бөлімшелердегі төсек-орын саны көбейтіліп, диабет мектептері мен арнайы кабинеттер іске қосылуда.

Министрлік дерегіне сүйенсек, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында профилактикалық мақсатта алғашқы медициналық көмек ұйымдарына жүгінгендердің үлесі 33,4 пайызға жеткен. Бұл жоспарланған 27 пайыздан едәуір жоғары.

Сондай-ақ созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау жүйесі жетілдіріліп, жоғары сезімтал диагностикалық әдістер енгізілген. Соның нәтижесінде инфекциялық емес аурулары бар азаматтарды динамикалық бақылаумен қамту деңгейі 12 пайыздан 34 пайызға дейін артқан.

Дегенмен кейбір өңірлерде профилактикалық тексерулермен қамтудың төмендігі, ауруханаға жатқызуды ұзақ күту және жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауы секілді мәселелер әлі де сақталып отыр.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына алғашқы медициналық көмек көрсеткіштерін ай сайын бақылауды, профилактикалық жұмысты күшейтуді және созылмалы ауруларға шалдыққан науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);