Бүгін, 2026 жылғы 1 маусымда Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұратын балалардың саны бойынша жаңартылған деректерді ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
"2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 0–17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады, бұл республика халқының жалпы санының 33,6% құрайды. Балалардың 62,3% қалалық жерде, ал 37,7% ауылдық жерде тұрады. Ұл балалардың үлесі – 51,4%, қыз балалардың үлесі – 48,6%".
Белгілі болғандай, балалардың ең көп саны республиканың үш өңірінде тіркелген:
Түркістан облысында – 910,4 мың (13,2%),
Алматы қаласында – 688,9 мың (10%),
Алматы облысында – 572,3 мың (8,3%) бала.
"Соңғы 5 жылда балалар саны 4,4% артты",- деп атап өтті ведомство.
Сондай-ақ, бюро балаларды мерекемен құттықтап, бақытты балалық шақ, зор денсаулық және жарқын болашақ тіледі.