AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанда қанша ана бала күтіміне байланысты дек...

Қазақстанда қанша ана бала күтіміне байланысты декрет демалысында отырғаны белгілі болды

Мұны білген жөн 21.01.2026, 10:33 829 Сұлу
Қазақстанда қанша ана бала күтіміне байланысты декрет демалысында отырғаны белгілі болды
depositphotos.com

Қазақстанда 2025 жылы мемлекеттік жәрдемақылар және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘМС) төленетін бала тууына және бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты төлемдермен жалпы 565,7 мың адам қамтылып, төлемдердің жиынтық көлемі 806,8 млрд теңге болды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, бала туған кездегі жәрдемақыны 2025 жылы республикалық бюджеттен 338 мың адам алды, оған жұмсалған қаржы 61,1 млрд теңге болды. Ал желтоқсанда 25,9 мың адамға 4,7 млрд теңге төленген. Бұл төлемге бала туған, асырап алған немесе қамқорлыққа алған Қазақстан азаматтары, қандастар және елде тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.

Егер бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаса, онда туған, асырап алған не қорғаншылыққа алған балалары бар (басқа ата-ананың отбасында есепте тұрмаса), сондай-ақ өгей балалары бар отбасылардың 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде бұл жәрдемақымен орта есеппен 125,3 мың адам қамтылып, төлем көлемі 44 млрд теңгені құрады. Желтоқсанда 128,9 мың адамға 3,8 млрд теңге төленген.

Министрлік мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты белгіленетінін атап өтті.

2025 жылы бала тууына берілетін жәрдемақы мөлшері:

  • 1, 2, 3-балаға – 38,0 АЕК (149 416 тг)

  • 4 және одан кейінгі балаға – 63,0 АЕК (247 716 тг)

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы:

  • 1-балаға – 5,76 АЕК (22 648 тг)

  • 2-балаға – 6,81 АЕК (26 777 тг)

  • 3-балаға – 7,85 АЕК (30 866 тг)

  • 4 және одан кейінгі балаға – 8,90 АЕК (34 995 тг)

Бұдан бөлек, жұмыс істейтін азаматтарға жүктілік пен босануға (немесе жаңа туған баланы асырап алуға) байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның көлемі еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 айдағы орташа айлық табысқа және демалыс күндерінің санына тәуелді.

2025 жылы бұл біржолғы төлемді 200,8 мың адам алып, жалпы сома 276,2 млрд теңгені құрады. Желтоқсанда 17,1 мың адамға 16,3 млрд теңге төленген. Орташа төлем мөлшері 1 415 135 теңге болған.

Сонымен қатар МӘСҚ-тан бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға баланың туған күнінен бастап беріледі. Бұл төлем соңғы 2 жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ына тең. Егер егіз немесе одан көп бала туса, төлем әр балаға жеке есептеледі.

2025 жылы аталған ай сайынғы әлеуметтік төлем 239,6 мың адамға тағайындалып, жалпы көлемі 425,5 млрд теңгені құрады. Желтоқсанда 16,4 мың алушыға берілген төлем сомасы 33,1 млрд теңге болған. Орташа айлық төлем мөлшері 85 993 теңгені құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #Декрет #бала #ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Бүгін 17:56

Халықаралық экологтар күніне орай «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу өткізілді

Бүгін 17:53

Есіл жағалауындағы плоггинг акциясына ондаған адам қатысты

Бүгін 17:50

Астанада эко-челлендж басталды

Бүгін 17:42

Алматыда Саин көшесін ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды

Бүгін 17:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);