AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек т...

Қазақстанда қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды?

Әлеумет 08.04.2026, 09:47 307 Дина
Қазақстанда қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды?

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 31,1 мың отбасындағы 167,4 мың адамға 7,9 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 31,1 мың отбасынан 167,4 мың алушыға жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, биыл бұл мақсатқа бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.

Министрлік атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер беру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін белсенді жұмыспен қамту шараларына тарту арқылы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету екенін атап өтті.

АӘК бағдарламасына мыналар кіреді:

• табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

• аз қамтылған отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем беру. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мұндай төлем 51,7 мың балаға тағайындалып, жалпы сомасы 942,1 млн теңгені құрады;

• жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, соның ішінде жұмысқа орналастыру, жеке ісін ашуға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жолдау және өзге де қолдау шаралары.

АӘК алуға өтінішті мансап орталығы, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімі немесе электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);