конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда Қайырымдылық күнін атап өтуде

Қазақстанда Қайырымдылық күнін атап өтуде

Әлеумет 09.10.2021, 07:28 1,281 Almaty-akshamy
Қазақстанда Қайырымдылық күнін атап өтуде
Cурет: Inform.kz

«Қайырымды істер марафоны» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. 


Қазақстанда 9 қазан күні «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған Қайырымдылық күні мерекесі өткізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Мереке тұжырымдамасына сай еліміздің әр өңірінде оффлайн немесе онлайн форматта «ізгілік кеңестері» бар стенд орналастырылған, кез келген адам ондағы карточканы алып, көрсетілген қайырымды істі жасап, ол жөнінде әлеуметтік желілерде Марафонның ресми парақшасын белгілеп және тэгтей отырып бөлісе алады. Акцияны Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар және Ақтөбе облыстарында оффлайн режимде қолдады. Талдықорған қаласындағы «Атамекен» СҮ-де «Қайырымдылық жүрегі» инсталляциясын орнатты. Бүгінде инсталляциядан 120-дан астам «ізгілік кеңестері» орындалды, ал жаңа карточкалар қажеттілікке байланысты пайда болады. Облыс әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта «Қайырымдылық жүрегін» адамдар көп шоғырланатын түрлі жерлерге көшіру жоспарланып отыр.
Ақтөбеде «ізгілік кеңестері» стендін орнатудан бөлек, «Жас сақшы» еріктілер тобы Ұлттық қайырымдылық күнін мерекелеуге орай облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен студенттер арасында волейбол турнирін өткізуге бастамашылық етті. Іс-шара шеңберінде қайырымдылықтан түскен барлық қаражат мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алаш» қоғамдық ұйымының төрағасы Әлібек Нұрбайұлының емделуіне беріледі. Ал Павлодар қаласында 9 қазан күні «Batyr Mall» СҮ-де Ұлттық қайырымдылық күніне орай акция өткізіледі. Бұл күні қала тұрғындарын жақсылық жасап акцияны қолдауға шақырады: қан тапсыру, панасыз жануарларды тамақтандыру, қоғамдық көлікте орын беру және т.б. Ұлттық қайырымдылық күнін мерекелеуге қатысқысы келетін қостанайлықтар «Жастар сарайына» бара алады: онда ізгілік кеңестері бар инсталляция орнатылған, кез келген адам ондағы карточканы алып, көрсетілген қайырымды істі жасап, ол жөнінде әлеуметтік желілерде Марафонның ресми парақшасын белгілеп және тэгтей отырып бөлісе алады. Акцияны Қазақстанның барлық өңірінде онлайн-форматта қолдады: желі қолданушылары @qaiyrymdy_ister_marafony ресми аккаунтынан табуға болатын «ізгілік кеңестері» бар AR-маскасын белсенді пайдаланады.
Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде басталған болатын. Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қайырымдылық #Ұлттық жоба #Тәуелсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жарты жылда 274 демалыс күнгі жәрмеңке өтті

Бүгін 09:55

Екібастұзда ер адамды өлтірген әйел 17 жылға сотталды

Бүгін 09:40

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Кеше 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Кеше 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Кеше 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);