Екі күннің қорытындысы бойынша отандасымыз 206,89 ұпай жинады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өткен Гран-при кезеңіндегі жарысын аяқтады.
Екі күннің қорытындысы бойынша отандасымыз 206,89 ұпай жинап, әйелдер арасындағы жекелей сында бесінші орынға ие болды.
Самоделкина қысқа бағдарламада 71,84 ұпай, ал еркін бағдарламада 135,05 ұпай жинап, екі кезеңде де бесінші нәтиже көрсетті. Осылайша, ол турнирді үздік бестіктің қатарында аяқтады.
235,44 ұпай жинаған жапониялық Мао Симада жарыс жеңімпазы атанды. Эстониялық Нина Петрыкина (221,07) күміс жүлдеге ие болса, америкалық Изабо Левито (212,22) үздік үштікті түйіндеді.