AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда отбасы құндылықтарын нығайту жұмыстары...

Қазақстанда отбасы құндылықтарын нығайту жұмыстары жалғасып жатыр

Әлеумет Бүгін 12:11 54
Қазақстанда отбасы құндылықтарын нығайту жұмыстары жалғасып жатыр
Жасанды интеллект

Қазақстанда Отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, биыл Отбасы күні аясында еліміздің барлық өңірінде 12 мыңға жуық адамды қамтыған мыңнан астам іс-шара өткізілді. Отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты білімі мен дағдысын арттыруға, балалар мен жастардың денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тақырыптық акциялар, кездесулер, семинарлар мен ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Отбасы институтын нығайту – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айрықша назарындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы ерекше. Онда неке заңда белгіленген тәртіппен мемлекет тіркеген ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалған.

Сонымен қатар 2024 жылы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Құжатқа сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жауапкершілік күшейтілді.

Осы заңнамалық нормаларды іске асыру аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, отбасы институтын нығайтуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кешенді шаралар әзірленді. Отбасыларға көрсетілетін атаулы көмекті күшейту мақсатында Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңғыртылды.

Қазір елімізде осындай 160 орталық жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың санын 208-ге жеткізіп, Қазақстанның әрбір ауданы мен қаласында ашу жоспарланып отыр.

2026 жылдың басынан бері Отбасын қолдау орталықтарына 50 мыңнан астам азамат жүгінді. 43 мыңнан астам отбасына консультациялық көмек көрсетіліп, 6 мыңға жуық отбасы ұзақ мерзімді әлеуметтік сүйемелдеуге алынды. Бұл орталықтар отбасыларға кешенді көмек көрсетіп келеді.

Сондай-ақ олар әлеуметтік қатерлердің алдын алуға ықпал етіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға қолдау білдіреді.

Бұдан бөлек, Отбасы және неке институтын сақтау мен нығайту жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, қабылданды. Құжат ажырасудың алдын алуға, азаматтардың отбасылық өмірге саналы түрде дайындалуына және жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ата-аналар академиясы» жобасы да жалғасып келеді. Оның мақсаты – отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты білімі мен дағдысын арттыру және жауапты тәрбие мәдениетін қалыптастыру.

2026 жылы жоба аясында еліміз бойынша 40 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған. Олардың қатарында ата-аналар, педагогтер және әлеуметтік сала мамандары бар.

Мемлекеттік отбасы саясаты аясында еңбек пен отбасылық міндеттерді қатар алып жүруге қолайлы жағдай жасау шаралары да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Мәселен, Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен бірлесіп, «Отбасына қолайлы жұмыс орны» жобасын жүзеге асырып келеді. Бастама қызметкерлердің отбасылық жағдайы мен міндеттері ескерілетін корпоративтік мәдениетті дамытуға және жұмыс істейтін ата-аналарды қолдауға бағытталған.

2026 жылы мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өкілдеріне арналған оқыту бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама ұйымдарда отбасылық міндеттерді ескеретін жұмыс тәсілдерін енгізуді көздейді.

Бұл шаралар отбасындағы бірлік пен қолдауды күшейтіп, оның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қамқорлық жасауда мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #Қазақстан #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көкжайлау заманауи экотуризмді дамытуға мүмкіндік береді

Бүгін 13:03

Президент Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті

Бүгін 13:00

Almaty Super Ski жобасы: Көкжайлаудың мүмкіндігі мен пайдасы

Бүгін 12:57

Отбасы – ең қымбат құндылықтардың бірі

Бүгін 12:45

Қала күніне орай «Ән Алматы» мерекелік концерті өтті

Бүгін 11:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);