AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда өрттен қорғайтын 426 өрт сөндіру бөлім...

Қазақстанда өрттен қорғайтын 426 өрт сөндіру бөлімі бар

Әлеумет 15.06.2023, 06:50 1,260
Қазақстанда өрттен қорғайтын 426 өрт сөндіру бөлімі бар
Сурет: Almaty.tv

Өрт сөндірушілерге қанша техника қажет?


Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев министрліктің материалдық-техникалық жабдықталуы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның айтуынша, бүгінде елді мекендерді өрттен қорғайтын 426 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді.



"Бірақ бұл жеткіліксіз, нормативқа жету үшін әлі 121 өрт сөндіру бөлімін салу керек. Жоспарда бар. Бүгінгі күннің өзінде жол картасы бойынша Қазақстанда 21 өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүріп жтыр. Қарап отырсақ, соңғы он жылда 18 нысан ғана салынған. Былтырғы жылдардан бастап осы жұмыстарды күшейте бастадық", - деді Күлшімбаев сенат отырысында.



Ол ТЖ министрлігінің техникамен жабдықталуы 80 пайызды құрайтынын атап өтті. Қазір 3200 техника бар, әлі 430 техника қажет. Оның ішінде 15 пайызының немес 470 техниканың мерзімі жиырма жылдан асып кеткен.



"Осының бәрін шешу үшін президенттің тікелей тапсырмасымен кешенді жоспар қарастырылған. Бүгінгі күні осы кешенді жоспарға барлық орталық мемлекеттік орган келісімін беріп, қол қою сатысында тұр. Сол бойынша наурыз айында республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралып, 605 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Соның ішінде 536 млрд төтенше жағдайлар министрлігіне, 48 млрд теңге экология министрлігіне, және 20 млрд теңге жергілікті әкімшілік органдарына", - деді вице-министр.



Айтуынша, әуе құтқару жүйесін дамыту үшін соңғы үш жылда 11 тікұшақ сатып алынды. Кешенді жоспар бойынша 2027 жылға дейін 16 тікұшақ алу жоспарланып отыр.



"Кешенді жоспарда әлеуметтік жағдайлар да көзделген. Биыл өрт сөндірушілердің жалақысы жетпіс пайызға дейін көтерілді, жоспар бойынша пәтері жоқ қызметкерлер өтемақы төлеу үшін ақша қарастырылып отыр", - деді Күлшімбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ #техника #норматив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);