Қазақстанда орман қоры 5 жылда 100 мың гектарға кеміген

Қазақстанда орман қоры 5 жылда 100 мың гектарға кеміген Сурет: Astanatv.kz

Орманға өрт қаупі биыл да төніп тұр. Мамандар осылай деп дабыл қағуда.

Себебі оның арты катастрофаға айналуы мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы 5 жылда өрттің әсерінен орман қоры 100 мың гектарға кеміді. Жалпы алғанда өртенген жердің көлемі жарты миллион гектардан асты. Орман тапшы мемлекетке айналдық дейді мамандар.

ТАЛҒАТ КЕРТЕШЕВ, ҚАЗҰАЗУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:
2003 жылғы деректерді алатын болсақ, ол кезде 245 мың гектар жерде өртендер болған жер болған. Ал енді 2018 жылғы деректерді алғанда 514 мың гектарға жеткен. Яғни ол 2 еседен артық өсіп кеткен. Ол жақсы көрсеткіш емес. Себебі біз осынша жердегі орманды жоғалтып алдық деген сөз. Сосын екіншіден ол ормандарды әлі қалпына келтіргеміз жоқ.

Өрт болып, орман қорынан айрылу көптеген табиғи апатқа алып келеді. Мәселен жер тозаңданып, эрозия пайда болады. Ауаға зиянды заттар бөлініп, атмосфера ластанады. Топырақ пен өсімдік, жануарлар дүниесінен айрыламыз. Сондай-ақ орман кадастры бойынша арнайы есеп болғандықтан экономикалық шығын әкеледі. Кей жағдайда адам шығыны да болады.

МҰРАТ ШЫНЫБЕКОВ, ҚАЗҰАЗУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Қоғам үшін, экономика үшін белгілі бір дәрежеде орман кесілгенімен, оның зияны өртке қарағанда салыстырмалы түрде өте аз. Ең басты зияны орманның - өрт. Ормандағы өрттің 90%-ы негізі, басым бөлігі адамдардың іс-әрекетінен болатын болса, ал бір 10, ары кетсе 15%-ы табиғи апаттардан.


Еліміздің ормандылығы 5%, яғни 31 млн гектар жерді қамтиды. Ондағы орманды алқап 14 млн гектарға жуық. Ағаш егу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал өрт қаупіне сақадай саймыз дейді жауаптылар.

РИНАТ НҰРҒАЗИН, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

“Қазақстан ғарыш сапарының” өзінің спутниктері бар, одан спутниктік түсірілімдер аламыз. Ол қазір мониторинг жүргізілуде. Орман өрті қанша аумақты алды, мысалы бір орман өрті болды ма, соның нақты аймағын, бәрін есептеп береді олар. 2025 жылға қазір барлығы жасалды. Орман өрті болған кезде кім қандай техника береді, қанша адам саны жұмылдырылады, соның бәрі қарастырылған. Дайынбыз деп айта аламыз.


Бір тал кессең он тал ек. Ал бір орманды түбімен жоқ қып жіберетіндер ше? Саяхатқа келгендер ережені қатаң сақтап, бағынбағандарға үлкен көлемде айыппұл салу керек дейді табиғат жанашырлары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:26

17:51

16:53

16:41

16:40

16:36

16:32

16:23

15:55

15:52

15:46

15:42

15:36

15:15

14:45

14:14

13:50

12:48

12:12

11:48

11:12

10:50

10:10

17:56

17:43