AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда онкологиямен ауыратындарға сәулелік те...

Қазақстанда онкологиямен ауыратындарға сәулелік терапияға қолы жететіндей мүмкіндік жасалып жатыр

Медицина 03.02.2026, 15:17 844
Қазақстанда онкологиямен ауыратындарға сәулелік терапияға қолы жететіндей мүмкіндік жасалып жатыр
Cурет: astanatv.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Айша Молдашева 2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспар аясында онкологиялық қызметті жаңғырту мен радиациялық онкологияны дамыту туралы айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 22 сызықтық үдеткіш пен 20 гамматерапиялық аппарат жұмыс істеп тұр. 2024 жылы еліміздің біраз өңірінде қосымша алты жаңа сызықтық үдеткіш пайдалануға берілген. Бұл сәулелік терапиямен қамтылған пациенттердің үлесін 65 пайызға дейін арттырып, емдеуді белгіленген мерзімде жүргізуге мүмкіндік берді.

«Жаңа қондырғыларды енгізу сәулелік терапияның осы заманғы технологияларын — адаптивті терапияны, 4D-гейтингті, стереотактикалық әдістерді қолдануға жол ашты. Мұның бәрі емдеудің дәлдігін арттырып, сау тіндерге түсетін жүктемені азайтады, терапияны да қауіпсіз, тиімді етеді», — деп атап өтті Айша Молдашева.

Сондай-ақ ол 2025 жылғы 1 қазаннан бастап томотерапия жоғары технологиялық медициналық көмек тізбесінен мамандандырылған медициналық көмек тізбесіне ауыстырылып, стационарды алмастыратын деңгейде көрсетілетінін, сонымен қатар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында сақталатынын түсіндірді. Бұл шешім, ең алдымен, сәулелік терапияның сапасын арттыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, онкологиялық қызметті жаңғырту аясында радиациялық онкология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024–2025 жылдары радиациялық онкологтар мен медициналық физиктерге арналған кәсіби оқыту бағдарламалары, соның ішінде Испания, Франция және Түркияның жетекші онкологиялық орталықтарындағы шетелдік тағылымдамалар іске асырылды. Бұл клиникалық практикаға халықаралық стандарттарға сай замандық тәсілдер мен озық сәулелік терапия технологияларын енгізуге мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онкология #сәулелік терапия #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);